Телібеков өзін және Елеусізовті малға теңеді
2015 ж. 07 қазан
2328
1
Осылайша Телібеков Елеусізовпен бірге «жасылдар» партиясына қатысудан бас тартты.
«Жасылдар» партиясын Елеусізов 90-жылдардан бері ашуды жоспарлап келген. Бірақ ол кезде оны қолдағандар табылмаған. Ал бүгін қоғам қайраткері экологиялық идеялар трендке айналған деп санайды.
Ол жаһандық жылыну тақап қалғанын және табиғат барлық адамзатты жер бетінен жоқ қылуы мүмкін екенін ескертеді. Қоғам белсендісі қазақстандықтар жақында таза ауа үшін өз үлесін қосатынына сенімді
Елеусізов өзінің жақтастары айтарлықтай бай еместігін айтуда. Олар, тіпті жақында өртке оранған «Табиғат» қоғамдық ұйымының кеңсесін қалпына келтіруге көмектесе алмаған.
Экологиялық партия жұмысын бастамай жатып, жақтастарынан айырыла бастады. Атышулы мәлімдемелерімен ел есінде қалған Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібеков (жақында секске салық салуды ұсынған) бастапқыда Мэлс Елеусізовтің бастамасын қолдағанымен, кейін аяқ-асты бас тартты.
«Мен, әрине оның партияда мүше болғанын қаладым. Бастапқыда бәрі дұрыс болатын. Кейін ол қазақтың «бір қазанға екі қойдың басы сыймайды» деген мақалын келтірді. Оның бұл жайтқа өз көзқарасы бар екен. Ештеңе етпейді, қажет болғанда қызметтес болармыз», – деді Елеусізов.
Еске салсақ, Елеусізов Қазақстанда «жасылдар» партиясын құрып, бұл экстремистік партия еместігін ескерткен болатын.