Келімбетов Ұлттық банк басшысы қызметінен кетпек
2015 ж. 30 қыркүйек
1845
2
Қайрат Келімбетов Қазақстанның Ұлттық банк басшысы қызметінен кетпек деп мәлімдеді Астанадағы хабардар дереккөз.
«Қайрат Нематұлы (Келімбетов – ҚазТАГ) Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетпек. Бұл жақын арада орын алуы керек. Барлығы Назарбаевтың келуін күтуде (Нью-Йорктен – ҚазТАГ), сол кезде шешім қабылданатын болады», – дейді сәрсенбі күні дереккөз телефон байланысы арқылы.
Хабарлаушы «оның кетуіне себептер жеткілікті екенін» алға тартты.
«Мәселе ұлттық валютаның девальвациясында ғана емес. Еліміздің басты банкі бағыттаушы болуы тиіс қаржы саясатын жүйесіз жүргізу мәселесі де бар», – дейді дереккөз.
«Келімбетовтің кетуінен кейін Ұлттық банкті Жәмішев немесе Марченко басқаруы мүмкін. Болат Жәмішев істі жақсы біледі. Ұлттық банктің төраға орынбасары, қаржылық бақылау басшысы, қаржы министрі, аймақтық даму министрлігінің басшысы қызметтерін атқарып, бүгінде Қазақстанның Даму банкін басшылық етеді. Ал Григорий Марченкоға келетін болсақ, ол кей жылдары, тіпті Ұлттық банкті басқарған. Өз көзқарасы мен мінезі бар адам. Тағы бір маңызды белгі – өткен аптада Алматыда үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Марченконы қабылдады», – дейді агенттік дереккөзі телефон арқылы.
Сол арада қаржылық реттеудің баспасөз қызметі NUR.KZ-ке Келімбетовтің кетуі туралы “ақпарат оларда жоқтығын” алға тартты.