Қылмыскерге жақтасып қылмысты болды

d0bcd0b0d181d0bbd0b8d185d0b0d1821

Орал қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері К.Жұмашевтің үстінен ҚР ҚК 251-бабы және 308-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалып, қамауға алынды. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, полиция қызметкері өткен жылдың қараша айында көшеде мас күйінде келе жатқан бір азаматты тексереді...

Тексеру барысында күдіктіден атыс қаруына айналдырылған ИЖ-79 маркалы газды пистолет пен оның екі патроны табылып, алынған. Алайда бұл фактіні тәртіп сақшысы жасырып қалып, кейін осы «қызметі» үшін ұсталған азамат ұялы телефонын сыйлаған. Ал 5-қаңтар күні айыпты сержантқа жоғарыда аталған баптар бойынша айып тағылып, бір күннен соң Орал қалалық соты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы санкция берді. Облыс прокуратурасының жазбаша нұсқауына сәйкес осы қылмыстық іске байланысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.