Азамат өмірі қыл үстінде

«Арман» жастар қозғалысының төрағасы, қоғам қайраткері Ермек Нарымбаев бүгін 48-ші күн түрме жағдайында аштықта жатыр. Қазір, тіпті, үшінші күн ауызына су алмай, құрғақ аштыққа көшкен. Оның мамыр айындағы бір айлық аштығы мен мына жағдайын қоса қарасақ, Ермектің өмірі қыл үстінде.

Түрме әкімшілігі оны сырттай бақылап, өзіне қол жұмсатқызбаудан басқа еш шара қолданбағанға ұқсайды. Бар болғаны Ермектің өз ауызын өзі тігіп тастауына күшпен жол бермепті. Ермектің талабы - өзінің кінәсіз екендігін дәлелдейтін бірден-бір құрал бейнетаспаны соттан сұратып алу ғана.

Біз Сіздерді сотталушы туралы түсірілген бейнетаспаны соттан оның қолына алып беріп, Ермектің түрме қабырғасында мерт болмауы үшін жасап отырған орынды талабын қолдауға шақырамыз.

Жасарал Қуанышәлин,

Ермек Нарымбаевтың құқығын қорғау комитетінің төрағасы