Мас әйел полиция көлігінен құлап, қаза тапты

скачанные файлы Қарағандыда полицей бөлімшесіне әкеле жатқан әйел  жүріп келе жатқан полицей көлігінен  құлап, қаза тапты. Полиция ақпаратына сүйенсек, оқиға 15 қыркүйекте орын алған. «Мастықтың салдарынан орын алған жанжалға шақыртумен жеткен учаскелік инспектор ішімдік ішкен 39 жастағы әйелді полиция бөлімшесіне әкеле жатқан кезде, жүріп келе жатқан көліктен шығып кетуге әрекеттенген әйел құлап кеткен. Алынған жарақаты салдарынан әйел медицина мекемесінде көз жұмды», – делінген хабарламада. Аталмыш факт бойынша сот алды және қызметтік тергеу басталды.

Дереккөз: ИА "Казинформ"