Махмұд Ахмадинежад Рим Папасына алғыс білдірді
2010 ж. 11 қазан
1093
0
Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад Рим Папасы XVI Бенедиктке хат жолдап, Құран кітаптарын өртеуге жол бермеуге қатысты понтификтің ұстанымына қолдау білдірді.
Бұл туралы бүгін ирандық басылымдарға сілтеме жасап «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.
Өз хатында Ахмадинежад, қақтығыстардың алдын алу үшін бүгінгідей заманда түрлі дін өкілдерінің арасында тұрақты диалог пен өзара қарым-қатынастардың керек екенін атап көрсетті. Ислам Республикасының басшысы хатының соңында, Рим Папасының денсаулығы мен оның барлық игі бастамалары үшін дұға жасайтынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 11-інде Американың Нешвилл қаласының іргесінде екі христиан свяшеннигі өз үйлерінің ауласында Құран кітабының көшірмесін өртеген болатын