Қарашаңыраққа жаңалыққа жаны құмар басшы келді
2010 ж. 11 қазан
1080
0
Мемлекет басшысының Өкімімен Ғалымқайыр Мұтанов Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.
Бұның алдында Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры қызметін атқарып келген ол оған дейін Білім және ғылым министр орынбасары болып істеген кезінде де жаңалыққа жаны құмарлығымен, прогрессивтік көзқарасымен ерекшеленген басшы болатын. Ал бүгінгі заман инновацияның заманы екені белгілі. Оның үстіне біздің елімізде де әлемдік үрдіске сай ғылым негізінен университеттерде дамын болады. Атын затына сай етіп ата-анасы тауып қойған Ғалымқайыр мырзаға ғылымды жаңа биікке көтеретін, құлашын барынша кең сермейтін сәт келді.