Түймебаев тағы да елші болып кетті
2010 ж. 11 қазан
1427
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Ол министрлік орынтаққа Қазақстанның Ресейдегі елшісі лауазымынан келгені белгілі. Түймебаев мырзаның білім саласына дамытуға барын салып баққаны мәлім. Дегенмен кейде қазақ оқулықтарын шетелдік мамандарға жаздырамыз деген секілді жаңсақтыққа да жол беріліп қалып жатты. Бірақ жұмыс істемейтін адам ғана жаңылыспайтыны белгілі. Азаматқа ақ жол тілейміз