Ақтөбе облысының әкімі болып Бердібек Сапарбаев тағайындалды
2015 ж. 11 қыркүйек
3847
2
11 қыркүйек
Бүгін Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Өзінің іскерлігімен елге беогілі Бердібек Мәшбекұлы 2014 жылдың 11 қарашасынан бері Премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарды. Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылғы 9 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Талап ауылдық округінде туған. Экономика ғылымдарының докторы (1999). Ол 1990 жылдан Білім министрінің орынбасары, 1995 жылдың наурыз айынан Министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі болды. 1995 жылдың қыркүйек айынан Қызылорда облысын, 1999 жылдың қыркүйек айынан Оңтүстік Қазақстан облысын басқарды. 2002 жылдан – Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы. 2004 жылдан – Қаржы вице-министрі – Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы. 2006 жылдан – Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары – Парламенті мәжілісіндегі үкіметтің өкілі. 2007 жылдан – Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2009 жылдан 2014 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды.