Енді бензин бағасы көтеріле бастады
2015 ж. 04 қыркүйек
2278
17
4 қыркүйек
Қазақстан үкіметі АИ-92 маркалы бензинді еркін айналымға жіберіп, қадағалаудан бас тартатынын мәлімдеген соң, еліміздегі кейбір жанармай бекеттері бағаны көтере бастады.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар: АИ-92 маркалы жанар-жағармайдың бағасы еркімен жіберілетін болды Қазақстан үкіметі бензин мен дизельдік отын бағасының көтерілмеуін қадағалайдыАл осы аралықта Алматыдағы жанармай бекеттерінде көліктер жаппай кезекке тұра бастады. Бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев үкіметтің бензин бағасын қадағалап, бағаның өсуіне жол бермейтінін айтқан болатын. Еске сала кетейік, 2015 жылы мамырдың аяғында Энергетика министрлігі дизель отынын литріне 99 теңгеден, АИ-80 маркалы бензинді литріне 89 теңге, ал АИ-92/93 маркалы бензинді 108 теңгеден сатуды қолға алған болатын.
Дереккөз: NUR.KZ