Қазақстандықтардың паспорттарына Елбасының сөздері жазылатын болды
2015 ж. 02 қыркүйек
2592
8
Қазақстанда төлқұжатқа Қазақстан президентінің тәуелсіздік туралы сөзі енгізіледі. Дәл осындай норманы көздейтін заң жобасын бүгін Мәжіліс қарауына алды.
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашевтың айтуынша, бұл заң жобасы республиканың «жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңына толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң жобасының мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының негізгі нормалары мен құндылықтарын енгізу.
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңға республика азаматтарының төлқұжатына тұңғыш президенттің, Ұлт көшбасшысының тәуелсіздік туралы сөзін енгізу, сонымен қатар республика азаматының ҚР азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алу кезінде міндетті түрде ант беру туралы өзгерістер енгізіледі», – деді ол.
Заң жобасын отырысқа қатысқан 100 депутаттың барлығы қолдап, арнайы қаулы қабылданды.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысы барысында 40-тан астам Заң жобасы өндіріске алынған болатын.