Путин доллар мен еуродан бас тартуды ұсынды
2015 ж. 02 қыркүйек
1698
13
Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік думаға ТМД аумағындағы елдер арасында доллар мен еуродан бас тарту туралы заң жобасын қарауды ұсынды.
Яғни Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан, Тәжікстан секілді елдер арасында бірыңғай қаржы нарығы құрылуы мүмкін.
Ресей президентінің ресми сайтына шыққан жарияланымда осылайша ұлттық валюталар нарығы дамытылатыны айтылып, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік аясында ұзақ мерзімді стратегияларды жүзеге асыруға бағытталған валюталық саясатты жүргізуге жол ашылатыны көрсетілген.
Сондай-ақ өңірлерде жалпыға ортақ макроэкономикалық тұрақтылық пайда болатыны жазылған. Дегенмен бұл әзірге ұсыныс екенін айта кеткен жөн.
Дереккөз: Хабар