ҚЫТАЙ жөнінде не білесіз?
2009 ж. 15 желтоқсан
3938
6
Қытай елі өздерін ұшқан құстай даму үстіндегі бай, қуатты елміз, бізге тең келер күш жоқ деп қарайды, кейбір азаматтарымыз да ақпарат құралдарына қарап солай түсінеді.
Кезіндегі қылышынан қан тамған «Кеңестер одағынан» да дәл осындай түкірген түкірігі жерге түспейтін, алпауыт АҚШ-тың өзі сескене қарайтын еді.
Дәл қазір бұл елдің тағдыры не болды? Барлығымыз куәміз! Бір-ақ күнде ыдырап тынды емес пе?
Барлық адам әлемде «мәңгілік дүние жоқ» деген философиялық қағиданы танып түсінгендей. Демек, біз қытайдағы «Тібет мәселесі» «Шығыс Түркістан» мәселесі», «Үш аймақ мәселесі және Қытайдағы қазақ жері» туралы не біліп жүрміз?
ҚЫТАЙ ӨКІМЕТІНЕН РАБИЯ МЕН ДАЛАЙ ҒАНА ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАТАҢ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР, ҚАЛҒАН 53 ҰЛТТЫҢ ЖАРАСЫ СЫЗДАП ТҰР
Қытай Халық Республикасында 95% қытай (ханзулар) ұлты тұрады. Қытайдан басқа 56 ұлт бар. Осы 56 аз санды ұлттың 50-і толығымен қытайланып кеткен. Мәселен, Қытайды 7 ғасыр билеген Мәнзу ұлты, Қытайда автономиялы өлкесі бар, жер жаһанды дүр сілкіндірген Шыңғысхан ұрпағы монғолдар да қытайланып барады. Шыңжаңның Қашқар аймағында 1785 жылдан бастап, ұйғырлардың «Шығыс Түркістан өкіметі» неше рет құрылып, қытай өкіметі жағынан аударылып тасталған. Ол кезде қытайлар қазіргі Ұлы Қорғанның ішінде еді. Ал Шынжаң –Қазақ тілінде жаңа шекара деген мағынада. Сондықтан да осы өлке қытайлар жағынан жауланған территория болып есептелінеді.
Қазіргі күнде ұйғырлар қытайдан Тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін бөліп алуды қатаң талап етсе, Ұлы Тібет даласын бірлестіріп Тәуелсіз Тібет елін құруды тибеттер де талап етіп отыр. Бұл тартыста олар қаншама жан берісіп, жан алысқан қанды қырғын соғыстар жүргізді, қаншама боздақтарынан айырылды, бірақ қытай елі уысынан шығармауға тырысуда. Бұл екі ұлттың тәуелсіздік туралы күресі тарихтан бері жалғасып келеді. Қазір де, бұдан кейін де бола бермек. Тәуелсіздік әрқандай ұлттың асқақ арманы, бодандықты ешкім қаламасы - хақ.
ҚЫТАЙ ЕЛІ - ҚЫТАЙ ҰЛТЫН ШЕТЕЛГЕ ҚОНЫСТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ӘЛЕМДІ ЖАУЛАМАҚ
Қытайда тез қарқынмен жүргізіліп жатқан саясат тек ұйғыр, қазақ халықтарының ғана қасіреті емес, сол елдегі 56 ұлттың қайғысы.
Қытай - әлемде ұлтсыздандыру саясатын жүргізудің көшін бастап келеді. Ол туралы тәжірбиесі де мол. Қазірдің өзінде 50 аз ұлтты қытайландырып үлгерді. Әрі, қытайлар шетелге көптеп қытай шығару арқылы әлемді қытай ұлтымен жаулау Программасын тездетіп іске асыруға кірісіп те кетті. Бұған дәлел, Нью-Йорк қаласындағы қытайлар қонысы, Мәскеудегі қытайлар қонысы, Алматыдағы «Ялан» базары, Райымбек көшесі мен Сейфуллин көшесінің қиылысындағы «Қытай орталығы», Алматыда шығатын «Хуа шиау» суретті журналы мысал бола алады. Егемендіктен кейін сансыз ханзу ұлты қазақ елінің азаматтығын алып үлгерді. Бұны қазақ елінің құқық қорғау органдарының жемқорлығынан бөле қарауға болмайды.
Керек десеңіз, ақшаға Отанын сатып жіберетіңдер де көптеп табылады.
ҚЫТАЙДА «ТАЙВАНЬ», «ГУАҢ ӨЛКЕЛЕРІ ДЕ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҰМТЫЛУДА.
Ұйғырлар мен Тибеттерден сырт автономиялық өлкесі бар манзу ұлты, монғол ұлты, дүнген ұлты, кәріс ұлты өкілдері де тәуелсіздікті аңсап келеді.
Тіпті, экономикасы дамыған қытайлар шоғырлы қоныстанған Тайвань, Гуаңдуң өлкесі сияқты дамыған өлкелер де анда-санда жоғарғы Пекиннен Тәуелсіздікті талап етіп келеді. Ал аз санды ұлттар қоныстанған райондар мұнай, кен, табиғи байлықтарға мол болғандықтан, әрі жері де көптігінен қытай үкіметі бұл райондардан айырылғысы келмейді. Қарсы шыққандарын қарулы күшпен бастырып жатыр.
Қытайдағы ұлттық территориялы автономия заңы мүлдем атқарылмайды, аз ұлттардың халі барған сайын мүш¬кілденуде.
Қытайдағы ұлттық территориялы автономиялы заңы өте жақсы жазылған болатын, онда жергілікті ұлттардың тіліне, дініне, ғұрып-әдетіне, үкімет басқару құқына, басқа да құқықтарға құрмет ету анық жазылған. Бірақ бұны Қытай өкіметі ханзулардың қажеті үшін ғана бұрмалап іске асырып келеді.
Бұл заң тек Халықаралық Ұйымдар тек¬серіп келгенде көрсететін өлі құжат. Сондықтанда аз санды ұлт¬тың мүдделері қорғалмайды. Олар¬дың экономикалық және рухани жағ¬дайлары өте төмен. Бұл елде қан¬дастарымыз көп тұрғандықтан қазақ өкіметінің дербес ел ретінде жоғарыдағы нақтылы жағдайда біле тұрып, көрмеске салынуына әсте болмайды.
Өз еліміздің дара пікірі, көзқарасы болу керек. Әділдікті айта білмеген ел, ешкімге сөзін өткізе алмайды. Қысқарта айтсақ, Қы¬тайдың аз ұлттарға әлімжеттілік істеуін халықаралық ұйымдарға заң жүзінде айта алмаған қазақ үкіметі қай абыройымен ОБСЕ-ге төраға бола алады?
ШЫНЖАҢ ӨЛКЕСІ БАЙЛЫҒЫНЫҢ 1% ӨЗІНДЕ ҚАЛМАЙДЫ
Шынжаңдағы ұйғыр халқын Қытай үкіметі бір-біріне саяси жақтан аңдытып қойған. Тіпті, туысқандардың үйіне қону да бақылауға алынған.Егер Шынжаң байлығының 1% өзінде қалғанда, қазіргі Шынжаң бұрынғыдан да жақсы дамыған болар еді. Үрімжідегі 5-шілдеде Ұйғырлардың Қытай өкіметіне қарсы көтерілісі бастапқыда тыныштық күйде басталған. Бірақ Қытай үкіметі ұйғырларды қоршап бір-бірлеп ұстай бастағанда ұйғырлардың қарсылығына тап болған. Сөйтіп осы көтеріліс бұрқ ете түскен. Бұны Қытай өкіметі бұзу, шағу, тонау қимылы деп жар салуда. Телидидирада жараланған ханзу ұлтын барынша көптеп көрсету арқылы қытайлардың ұйғырларға қарсы кек алуын тудырды. Сөйтіп, ұйғырлардың сауда орындары өртеніп, тоналып, өлген адам шығыны да көп болды.
Бұл көтеріліс - Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне ұқсас тоталитарлық режимге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс. Өкімет оларды қарулы күшпен басты. Бірақ ұйғыр халқы - әділеттікті ислам әлемінен, түркі халықтары мен халықаралық қауымдастықтан күтеді.
Үрімжіде осы ретте 800-дей ұйғыр азаматы құрбан болған, 3500-і түрмеге тоғытылған.
Осы рет 5 шілде қозғалысынан кейін Қытай өкіметі ұйғырларды барлық іске кінәлі деп жазғыруда. Қытай өкіметі Америкада тұратын бұрынғы Қытай халық Республикасы Конгресінің тұрақты мүшесі, Халықаралық «Тотып кісілік құқық» сыйлығының иегері, Дүниежүзі ұйғырлар құрылтайының төрайымы, «Ұйғырлардың рухани анасы» атанған, ұйғыр ұлтынан шыққан бизнесмен, дарынды саясаткер Рабия Қадырқызын 5-шілде қозғалысын шетелде тұрып құрастырды деп айыптап, телевизор арқылы жағымсыз жағынан көрсетуге тырысты. Әрі Шынжаңда ұлттар ынтымағын дамыту деген жалған ұранды ұйғырларға зорлап үйретіп жатыр. Жауланған өлкедегі қытайлардың осы жалған саясаты ұйғыр қауымын әбден мезі қылды. Қазір Шынжаң өлкесіндегі барлық кадрлар қолдарына ұлттар ынтымағы туралы үгіт материалын алып, үй-үйді аралап жүр. Көшелері қарулы әскермен құрсауланған. Осындай зорлықты ортада қандай ұлттар ынтымағы болмақ?! Қазір бүкіл Қытай билігі 5-шілде оқиғасын әлемнен оқшау ұстап отыр. Интернетті үзіп тастаған. Түрмеге тоғытылған 3500 ұйғырдың көбі қатаң жазаланатындығын ескертті. Бұған тек қазір Түркия өкіметі ғана халықаралық деңгейде шешуді батыл талап етіп отыр. Халықаралық кісілік құқық ұйымымен Америка үкіметі салқын кандылық танытуда.
ҮРІМЖІДЕГІ ҰЙҒЫРЛАРДЫҢ 5-ШІЛДЕ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНА ӨЗГЕРІСТЕР АЛА КЕЛДІ
Коммунистік Қытай өкіметі 1949 жылы октябрьде құрылғаннан бастап әр қандай бір мемлекетпен сыртқы қарым-қатынас орнатуда «Тайваньның және Тибеттің тәуелсіздігін мойындамауды» алғы Шарт етіп белгіленген. Осы ретте 5-шілде оқиғасынан кейін Қытай сыртқы саясатына толықтырулар еңгізіп «Шығыс Түркістан мемлекетін мойындамауды» алдыңғы екі алғы шартқа қосып үшінші алғы шарт етіп белгіледі.
Қалай айтсақ та Үрімжідегі 5-шілде қозғалысы әлем назар аударған тарихи сипатқа ие қозғалыстар қатарының өз орынын алды деп білеміз.
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ҚЫТАЙЛАНЫП БАРАДЫ.
Ол жақтағы қандастарымыз қытай-қазақ шекарасына тәуелсіз қазақ елінің басшысының қол қойғанына наразы. Ол территорияға қытайлар аяқ басқандай емес. Сөйтіп олар ата-жұртында қинастықпен тұрып жатыр. Ол жерде: 1) Таза қазақ тілді мектептерді қытай тілді мектептерге қосып жатыр.
2) Жоғары мектеп бітірген оқушылар жұмыссыз бос жүр.
3) Егінші-малшылардың жері барынша тарылған.
4) Мұсылман дінін дамытуға астыртын шектеу қойылған.
5) Келімсек қытайлардың саны тұрғылықты қазақтардың санынан неше есе көбейіп кеткен. Егер де қазақ елі олардың қайғысына ортақтаса білмесе, бір күні қытайдағы қазақтар да сол елге қарсы көтерілуі әбден мүмкін.
ОСПАН БАТЫР КЕЗІНДЕ ҮШ ОТАУДЫҢ БАСЫН ҚОСЫП: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІН ҚҰРУ ЖОЛЫНДА КҮРЕСКЕН ЕДІ
Қытай қазақтары қытайдың Батысы - Шынжаң өлкесінің Іле-қазақ автономиялы облысына Байынғұлын облысы, Бұратала облысы, Құмыл аймағы, Саңжы, Үрімжі қалалары сынды 38 ауданға шоғырлы қоныстанған. 2,5 млн. астам жан саны бар. Осы байырғы Шығыс Түркістан топырағында қандастарымыз ата-бабадан қалған Түркі даласын жаттабан қытайлардан 1950 жылға дейін сан жетпес қарсылық соғыс арқылы қорғап келді. Жоғарыдағы жағдайға куә боларлық - жақында Алматы қаласында 110-жылдық мерей тойы аталып өткен Оспан Батыр Сіләмұлы (1899-1951) қозғаған үш аймақ ұлт-азаттық көтеріліс. Оспан Батыр өмірін қытайлармен соғысып өткізді, оны Совет Одағы қытайларға ұстап берді.
Қытайлар басын кесіп Үрімжі қаласының негізгі көшесінің бірінде іліп қойды, оның арманы үш отаудың басын қосу еді (Қазақстан, Монғолия, Қытайқазақтары). Ұлы Қазақ мемлекетін құру еді. Қытайдан шыққан ұлт тәуелсіздігінің батырлары – Оспан батыр, Далай Лама, Рабия Қадырлар - сол топырақта туып- өскен нар тұлғалы азаматтар. Барлығының арманы – алып Қытай империясының бұғауынан құтылып, тәуелсіз мемлекет құру.
ҚАЗАҚ ЖҰРТЫ – ҰЙҒЫР БАУЫРЛАРЫМЫЗДЫҢ ҚАСІРЕТІНЕ ОРТАҚ ЕКЕНІН БІЛДІРДІ.
Қытайдағы ұйғырлардың басына күн түсіп, қытайлардан зорлық-зомбылық көріп, тәуелсіздік үшін жан беріп, жан алысып қан кешіп жатқанда қазақ елі қарап тұрмады.
Алматыдағы ең үлкен Республика сарайын ақысыз ұсынып, олардың қытайдағы қанды қырғынға наразылығын халықаралық ұйымдарға жеткізуіне қол ұшын берді. Сөйтіп қазақ елінде тұрып жатқан ұйғыр диаспарасына туысқандығын білдірді. Ұйғыр бауырларымыз алғыстарын тек Елбасына ғана емес, қара орман қазақ халқына да жаудыруды қуанып жүріп ұмытып қалғандай.
Қазақ халқында «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» деген аталы сөз бар.
Ұйғыр бауырларымыз Шелек, Малы¬бай¬дағы жағдайдың екінші қайталанбауы қажеттігіне осы ретте қана көз жеткізген болар. Әрі бауырларымыздың есіне «Су ішкен құдыққа түкірмес болар» деген даналық сөзімізді сала еткіміз келеді.
Қара НАР
№48-49