Мырзахметов “Жас Отан” мүшелерін флешмобпен емес, нақты жұмыспен айналысуға шақырды
2015 ж. 26 тамыз
2025
1
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Асқар Мырзахметов бүгін республикалық жиналыс барысында жасотандықтарды флешмобпен емес, нақты жұмыспен айналысуға шақырды.
«Нұр Отан» партиясының қызметі – бюджет, мемлекеттік мекемелер тарапынан атқарылып жатқан әртүрлі бағдарламалардың орындалуын бақылау әрі бағалау. Егер біз оны жүйелендіретін болсақ, мәселенің тиімділігін арттыратын болсақ, онда қалған мәселенің барлығы осыған байланысты болады. Яғни, халықтың партияға, билікке деген көзқарасы өзгереді, партияға сенімі артады. Оған күмән жоқ. Ал енді ол үшін ең алдымен біз партияның жергілікті жерлердегі құрылымдарының жұмысын жандандыру керекпіз. Ол, әрине, партияның бастауыш ұйымдары, аудандық филиалдар, облыстық филиалдар», – деді ол.
Әрине, саяси қызмет болған соң, флешмобтар да керек болған шығар, бірақ дегенмен бұл жерде нақты жұмыс керек.Мырзахметов қоғамдық қабылдауларға келіп түскен өтініштердегі шешімін таппай жатқан мәселелер үшін жауапты әкімдерге шара қолдану керек екенін мәлімдей келе, “Жас Отан” туралы пікірін де жасырмады.
«Тағы бір мәселе «Нұр Отанның» «Жас Отан» жастар қанаты бағыты бойынша. Әрине, саяси қызмет болған соң, флешмобтар да керек болған шығар, бұдан кейін де керек шығар, бірақ дегенмен бұл жерде нақты жұмыс керек. Ол – мемлекеттік мекемелер тарапынан бүгінгі таңда жастар саясатына байланысты атқарылып жатқан барлық бағдарламаларды зерттеу, талдау, оның тиімділігін анықтау», – деп түйіндеді Мырзахметов.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас