Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Ғабидулла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

935ad54493e06e4036eadc5bf259ce10

Ғабидулла Әбдірахымов Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген. 1996-1997 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті.

1999-2000 жылдары – Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы.

2000-2001 жылдары –   Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі. 2001-2003 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары. 2003-2005 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2005-2008 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2008 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2008-2012 жылдары – Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің басшысы. 2012-2013 жылдары – Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы.

2013 жылғы қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет» орденімен марапатталған (2006), 3 медалі бар.

Дереккөз: ИА "Казинформ"