ҚАЗАҚ ТІЛІ қаламызда аяққа тапталуда!

d0bfd0b0d0b2d0bbd0bed0b4d0b0d1802

Павлодар қаласы Әкімі Б. Жоламанов мырзаға, Павлодар облысы Әкімі Б. Сағынтаев мырзаға,

Павлодар облысы прокуроры Д.Сартаев мырзаға, Павлодар облысы Тілдерді дамыту басқармасына бастығы Т.Әбілқасымов мырзаға

Мен Қазақстан азаматшасы ретінде де, ұлы қазақ ұлтының перзенті ретінде де (басқа этностар кем деген астар жоқ), мемлекеттік тіл - қазақ тілін көтеруге атсалысуды парызым деп санаймын.

d0b1d0b0d0bad18bd182d0b6d0b0d0bd-d181d0b0d180d0b8d0bdd182d0b0d0b5d0b2

Бірақ, өкінішке қарай біздің қаламызда, Павлодарда қазақ тілі өрескел аяққа тапталуда. Жалпы қазақ тілділерге қадам басқан сайын кемсітушілік, ортаға бүлік салушы деген көзқарас (мектептен бастап орысша оқығандықтан нақты сөз таба алмай отырмын) кешіріңіз, полное невосприятие қалыптасқан. Дәлелдер:

Көлік саласында. Жалпы алғанда қалалық қоғамдық көліктегі таспа арқылы берілетін қазақ тіліндегі аялдама хабарландырулары 20-30% аспайды. Салондағы төлемақы алу, тәртіп қадағалау қызметі тек қана орыс тілінде. Мүмкін ол мекемедегілер Сізге басқа цифрлерді, мысалы «...біз 100%, не соның маңайындағы пайызда көлікке таспа орнаттық, үйретіп жатырмыз...», т.т. жаттанды сөзді айтар! Қадағалау жоқ, микрофонды жүргізушілер өздері өшіріп қояды, сынатын тағы бар. Кондуктордан аялдаманың атын қазақша сұрасаң, еститінің: «Еще русский никто не отменял!»; «Говорите на нормальном языке!», «Какая вы националистка, почему Вы говорите на казахском языке!», «У нас 2 языка», «Без русских вы вымрете, говорите на нормальном языке…..». Және де осы сөздер жай емес, айғайға басып, бүкіл салонды дүрліктіру арқылы, орыстарды қазақтарға қарсы қою арқылы айтылады!

Осыған байланысты айтар жауабым: «1.Ешқандай елде қандай да болсын тілді «отменять» ететін заң жоқ. 2.Қашаннан бері мемлекеттің тілі «дұрыс емес» тіл болған? 3.Дүние жүзіндегі барлық елдің адамдары өз мемлекетінің тілінде сөйлегені үшін «националист» (бұл жерде шовинист деген ұғым жақындау келетін сияқты) болып жүр ме? 4. «Екі тіл» деген 2 тілді білу керек дегенді білдіреді, яғни бір ғана – орыс тілін емес, мен соның біреуінде, және мемлекеттігінде сөйлеп тұрмын! 5-ші сөйлемге түсінік беру де артық, нағыз ұлттың намысына тиіп, от салатын сөздер. Қорытынды: үйретпек тұрғай, басшылары қызметші персоналдың мемлекеттік тілге деген көзқарасын өзгертуге де мүдделі емес! Мұнда Ватутин басқаратын бірінші автопаркті ерекше атап отырмын. Айтылғандарға байланысты мына шараларды қолға алу керек сияқты:

1. Орыстарда қалған ұлыимпериалистик, шовинистік пиғылдың өзгеруіне бағытталған жұмыс жүргізу;

2. ҚР Конституциясынан бастап, тілге қатысты барлық заңнамалық актілер бойынша персоналмен «ликбез», сауат ашу сабағын өткізу.

3 Жұмыс барысында пайдаланатын 20-30, әрі кетсе 50 сөзді ары кетсе жарты жылда міндетті түрде жаттату. Ғылыми дәлелдеме келтірсек, жастарды айтпағанда, 60-70 ке келген адамға да көрсетілген мерзім түк емес!

Осы қағидаттар әр мекеменің қолынан келетін жұмыс. Оны талап ету, және бақылауға алу Әкімшіліктің тікелей міндеті, және құзыреті деп білемін. кешіріңіздер қатты айтсам (өйткені қазақ тілі үшін қоғамнан аластатылған (изгой) болу мені әбден қажытып, тұғырыққа тіреп тұр!, бірақ басқа тілде де өмір сүре алмаймын, ол мен үшін – ұлтымды сатқаныммен бірдей)! . Қажет болған жағдайда Қоғамдық Бірлестіктердің көмегін де пайдалана отыру керек.

2010ж 30-31 тамызда 68-90-90 т. «Тез» атты таксиге телефон соғып, олар тіл үшін кызмет көрсетуге бас тартқандықтан, сұрастырсам, мекеме еш жерде тіркелмеген болып шықты!

Былтыр, күзде Асылбеков М.Ж. деген ТҮКШ чиновнигіне «тілге қатысты масқараларды доғартайық. Ватутиннің (1 Автопарк) орынбасары (аты-жөні есімде жоқ), кондукторлармен Сіздің қатысуыңызбен жиналыс өткізуге келісіп отыр (өйткені соңғы 3-4 жылда автопаркке, көшірмесін Тілдер басқармасына жіберіп, осы сарындағы бірнеше арыз түсіргендіктен нәтиже бомаған соң, қолымнан келген басқа да шараларды өткізем деп оларға «Салаға әкімшілік тарабынан Сіздер куратор болғандықтан, мемлекеттің барлық заңдары барлық азаматтарға ортақ, Сіздің қатысуыңыз міндетті түрде керек, 1 сағатқа уақыт табыңыз. Оған Тілдер басқармасы, қалалық тіл бөлімінен адамдар қатысады» дегенде: «Мне некогда этим заниматься, есть дела поважнее» деген соң, түп келгенде жай тұрғын мен емес, мемлекет қызметкерлері шешетін мәселені, менің, қарапайым тұрғынның өзіме артып алуым да санасына кірмей, осылай жауап қатқаны келесі ойларды тудырады:

- Мемлекеттің заңдарына, оның ішінде тілге қатысты нормаларға пысқырмайтын, осы жағдай ұлтаралық қатынасқа сына қағуы мүмкін деп ойламайтын (мемлекеттік қызметкердің басқалардан ең басты айырмашылығы - ол осындай қағидаларды басшылыққа алып отыру керек) бұл қандай мемлекеттік қызметкер, не себепті сол орнында отыр?

- Шенеуніктердің Ватутинның мекемесіне Конституциядан бастап, тілге қатысты барлық заңнамалық актілерді аяққа таптатып қоюына, және онда ештеңе өзгертуге атсалысқысы келмейтіндігіне қарап, осы қызметті тендермен ұтып алу барысында коррупцияға жол берілген бе деген ой туады.

Менің тарабымнан ауызша да, жазбаша да көлікке қатысты соңғы жылдары: Автопарк, автовокзал, қалааралық теміржол көлігі қызметі туралы олардың басшыларына, көшірмесі облыстық Тілдер дамыту басқармасына жөнелтілген арыз-шағымдарым жеткілікті. Солардың кейбіріне, кешіріңіздер, «отписка» алғаным болмаса, нәтижесі жоқ.

Сауда саласындағы жағдай да сол. 2006 ж. желтоқсанда «Артур» сауда үйінде қазақша етік сұрағаным үшін сатушы: «Выйдите отсюда, мы на казахском языке не обслуживаем! Не собираюсь ваш язык изучать, не мешайте работать, охрана!» деп бақырған. Содан, басқа сатушылар да осындай масқара шовинистік пиғылдама екен деп аяқ киім сататын бутиктердің барлығын аралап шықтым. Естігендерім көлікке қатыстыға жазғандай болды. Ең «жұмсақ»етіп айтқандары, апломбпен, асқақ кейіппен: «Я русская!» болып шықты. Тек 1 ғана бутикте, ұлты кавказдық болу керек, сатушы: «Все были бы такими, как вы, мы бы быстрее язык изучили» деді.

Қазіргі жағдай: 1.05.10ж. «Олжа» сауда үйінің № 333 бутигіне барғанымда, сатушы: «Я Вас не понимаю и не собираюсь Ваш язык изучать, выйдите отсюда, охрана!», деп қанымды басыма шаптырған соң, полиция шақыртып, арыз жаздым. Өкінішке қарай, олардың айтуынша, егер бейцензуралық сөз айтылмаса сатушыларға, олардың қожайындарына еш шара қолданылмайды екен! Ал ұлттың намысына тиіп тілді қорлау, полицейлерше дұрыс болғаны ма?! № 111 бутикте «Я не понимаю по-вашему, говорите по-русски, либо обслуживать не буду!» Ал № 211 бутиктан одан да зорын істеп, 2-3 жылдың аясында, мені итеріп, қол жұмсап бірнеше рет шығарып тастады, олардың айтуынша мен әдейі, провокация жасамақшы ниетпен қазақша сөйлейді екенмін! Осы кезде айта кетерім: сауда үйінің әкімшілігіне бұрынырақ тілді (ұлтты) қорлауға қатысты 1-2 басқа да бутиктердің үстінен арыз жазғанмын, полиция шақыртқанмын. Нәтиже жоқ. 26.08.10ж №236 бутиктегі сатушы, менің қолымды сипап, қолға жағатын крем деп сұрағаныма, және жанымдағы кісі аударып тұрғанына да құлақ аспай, орысша сұрамағаным үшін сатудан бас тартты. «Олжадағы» ұлышовинистік пиғылды қыздырып тұрған 211 бутиктің жұмыскерлері іспеттес. Қазақтілділер қуылатын, қызмет көрсетпейтін дүкендердің қатарына тағы да: «Счастье» (осы дүкеннің сатушылары тұрғай әкімшілері де: «Говорите на русском, либо мы Вас не будем обслуживать!» дейді); Кутузов, 20/3 үйде орналасқан «Балтика», «Дом одежды», Кутузов, 21 үйдегі «Сластена» қосылады. Осындай дүкендер де, сауда орталықтары да қаламызда өте көп екеніне мен кепілдік бере аламын! Конституциядағы, Тілдер заңында көрсетілген «Тіл пайдалану шеңберінде ешкімнің құқы шектелмейді» деген қағида неге жұмыс істемейді?

Неліктен әлеуметтік салаға жауапты облыстың, қаланың әкім орынбасарлары, Елбасының «Ел бірлігі» қағидасын аяққа таптап, осыған байланысты туындауы мүмкін ұлтаралық соқтығысты қолдан жасап отыр? Олай деуге құқым: әкімшіліктерге хабарласа қалсаң: «Приемная акима слушаеттан» бастап, сізді орысша сөйлеуге мәжбүрлеу. Тағы бір қалалық әкімдіктің әйел шенеунігі, (фамилиясын сұрағанда айтпады), «У нас русскоязычное общество, почему вы живете против течения?!» деді. Дәл сол сөзді менен рұқсатымсыз интервью алғанда айтқан Стрюктің «Новое времясының» редакторы Лебедева еді. Сонда облыста, қалада осы «обществоны» жасап басқаларға таңып отырған әкімшілік пе, әлде кәсіпкер Стрюк пе? Ал жоғарыда айтылған мемлекеттік тілді кемсітушілік, қазақтілділердің наразылығы, құдай сақтасын, ұлтаралық қақтығыстар осыдан туындайды.

1-2 жылдың ішінде тікелей әкімшіліктің қатысуымен қаламызда бірнеше сауда үйі ашылды. Қателеспесем ең ірісі, және Сіздің қатысуыңызбен тұсаукесері өткізілген «Шапағат» дүкенінде атауынан басқа жазудың бәрі тек көрші мемлекеттің тілінде. Көрсетілетін қызмет те (1-2-лі қазақтілдері болмаса) тек сол тілде. Шамамен 1 ай бұрын ғимарат қожайыны, Стрюк мырза өзінің «Новое время» атты қалалық газет ұжымымен бірге менің ырқымсыз, 3-4 адам, камераларымен, диктофонымен «Неліктен орыстілді сатушыдан қазақша кәмпит сұрайсыз, қазақ тілін түсінетіндеріне неге бармайсыз» деген сөзбен (білмеймін, өздерінің сөздері сол диктофонында тұр ма екен), мені қазақ тілінде сөйлегенім үшін тұқыртып алмақ мақсатта интервью алған. Және айтқаны, дұрыстап барлығын жазып алыңыз, барлығын мемлекеттік органдарға жеткіземіз деген. Осыған орай мынадай сұрақ туындайды: тілді тұқырту жолында олар қай мемлекеттік органдарға сүйеніп отыр екен, кімдер өз қарыны мен қалтасы үшін мемлекеттік тілді сатты екен? Кешіріңіздер, бірақ осы хатымды оқып отырған әрқайсыңыз, Кереку қаласында мемлекеттік тілде өмір сүріп көрсеңіздер менен де қатты айтар ма едіңіздер? Мейлі осы жазғандарым үшін, қазақ азаматшасы ретінде, ұлтымның тілін көгерту парызым деп жасап жатқан көзге көрінбейтін тышқан тірлігім үшін әртүрлі қитұрқы жолдармен, облыс, қала атқарушы билік органдарда отырған, ата-баба тілін сатқан (қазағы қазағымен басқа тілде сөйлейтін) адамдардың қытығына тигенім үшін (өйткені барлық айтып отырған жағдай тікелей сол басшылардың ұстанып отырған саясатына байланысты екенін әр адам біледі) масқара қудалауға түсірсеңіздер, соны да көрермін!

Осы жайттардың көбісі жөнінде облыс әкімінің сайтында 2008 жылы 25 желтоқсанда жазылып, кәсіпкерлікті дамыту Департаменті бастығы, қызметкерлерімен сөз қозғалған болатын.

Ақырғы қазақ тілін қылғын­дырушылық оқиға: 2010 жылдың 14 тамызында, Кутузов, 24 үйде орналасқан Черноярканың көкөніс­терін сататын сауда бөлімшесінде «Идите вон, там разговаривайте на своем, здесь говорите по-русски, или не мешайте работать!» деп, сатушы қолын бір-ақ сілтеді.

Халыққа қызмет көрсететін басқа да мекемелерге келетін болсақ:

Қазақтелеком. Бұл мекемемен тілге қатысты 4-5 жылдың ішінде байланысып келемін. Басшысы Кузеков А.С. мырзамен де сұхбаттасқанмын. Бірнеше рет қызметіне байланысты: төлемақы төлеудегі, анықтама қызметі, бірнеше автоответчиктері орыс тілінде екеніне жазбаша да, ауызша да арыздар түсіргенмін. Анықтама қызметтері «Здравствуйте, Казахтелеком слушаеттан» таңбай келеді. Қазақ тілді қызмет жоқ деген сөз. Қайталап қазақ тілінде сұрасаң 1 минут, деп 2-3, 5 минутқа күттіріп қояды, қазақтілді телефонистканы қосу үшін. Не себепті қазақтілділердің қолма-қол ақпарат алу құқығы бұзылады? Мекеме басшыларының айтуынша, бірнеше жылдан бері қызметкерлер, мамандығына қарай қолданылытын тіл қорын үйреніп аттестация өтеді екен. Аттестация өткен деген, өз жұмыс шеңберінде мемлекеттік тілде қызмет көрсете алады деген сөз! Бұндай да нонсенс-аттестация болады екен-ау! Қалай болғанда да, осы мекеменің тарабынан да қазақ тілділердің құқығы аяққа тапталып жатыр! Бізді олардың аттестацияларын қалай өткені қызықтырмайды! Бізге керегі, адамға дұрыс, мемлекеттік тілде қызмет ету! Осы, Конституцияда бекітілген құқықты шектеуге ешбір мекеменің құқығы жоқ! Өз тарапымыздан, біз, қазақтілділер, басқа тілдің құқы шектелсін дегенді ешқашан айтпаймыз. Ал біздің құқымызды қанша таптауға болады? Шыдамның шегі бар ғой!

Жарнама. Орталық әмбебап сауда уйінен бүкіл көшеге ауызша орыс тілінде жарнамалар беріліп тұрады. Тілдер заңындағы: «ҚР барлық ақпарат мемлекеттік... тілде беріледі» деген норма жарнамашы мекемелерге жүрмей ме? Жарнаманы қазақ тілінде естуге қазақтілділердің құқы жойылған ба?

Энергоцентрдің қызметкерлері, телефонмен айдың аяғында есептегіштегі сандарды айтсаң телефонды қоя салғанымен қоймай, үйге келген контролерге (ақырғы келгені осыдан 1 ай бұрын) «Кіріңіз, қазақша түсінбесеңіз өзіңіз жазып алыңыз» деп, сөзбен де, қимылмен де айтып тұрғаныма пысқырмай: «Так и напишу, что не сказали показания счетчика»! деді. Ал осы оқиғадан бұрын, 2009 ж. күзде, мекеменің тарабынан қазақтілді адамдардың мемлекеттік тілде қызмет алуына шектеу қойылғанын дәлелдеп, оған ҚР конституциясы жол бермейтіндігін айтқанмын. КРЭК 2, Ванечкин А. атты бастықтарына. «Біз оны білген жоқпыз, түсінеміз, сондықтан барлығын түзетеміз» деп уәде берген болатын. Сол Ванечкин қол астындағы қызметкерлеріне 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жаттатуға арнайы бағдарлама, не мемлекеттен қаражат күте ме екен?

(Жалғасы бар)