Бауыржан Байбек мемлекеттік ғимараттардың аумағын кішірейтуді тапсырды
2015 ж. 17 тамыз
2008
4
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жергілікті атқарушы органдары нысандарының аумағын кішірейтуді шешті деп жазды Алматы ішкі саясат басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның мәліметінше, жұма күні Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қаттысуымен жиналыс өткен. Оның барысында жергілікті атқарушы органдардың ғимараттары сөз болды.
“Оның құрылысқа кететін шығынды азайту жоспары ұнады. Аудан әкімдіктері мен басқа да мемлекеттік органдарға қымбат тұратын мұндай үлкен ғимараттарың не керегі бар? Олардың аудандарын кішірейтіп, қалған жерлерге әлеуметтік маңызы бар нысандар — мектеп, аурухана салынатын болып шешілді. Меніңше, біз дұрыс жолда келе жатырмыз”, — деді Боқаев.