Қарағандыда Ахметовтер отбасының бизнесі қаралып жатыр
2015 ж. 12 тамыз
1801
0
Қарағандыда кезекті сот отырысында бүкіл елді шулатқан Ахметовтер отбасының бизнесі қаралып жатыр.
Қарағанды көшелерін жарықпен қарық етіп отырған кәсіпорынды Ахметовтың ұлы басқарып, оның оң қолы ағасы болды деген мемлекеттік айыптаушылар үш жүз томдық айыпты оқып бастады.
Әзірге прокурорлар бұрынғы Қорғаныс министрімен бірге, облысты басқарған Бауыржан Әбдішевтің істерін қарап үлгерді.
Бұрынғы премьер бастаған экс-шенеуніктердің айыптарын үш бірдей мемлекеттік айыптаушы кезек-кезек оқыды. Өйткені 21 күдіктінің ісі 230 парақтан асып жығылады.
Әуелі Серік Ахметовке тағылған айыпты оқып бастаған прокурор Әділов экс-министрдің отбасылық бизнесін дөңгелетумен айналысқанын айтады. Тіпті, мемлекеттік бағдарламаны ұлы басқарып, туған ағасы оң қолы болған «Сталь-Цинк» фирмасын мердігер ретінде қатыстырды дейді.
Сорақысы, қылмысты Серік Ахметов Қарағанды облысының әкімі болғанда жасады»,-дейді.
“Ахметов сол кездегі қала әкімі болған Бауыржан Әбдішевке метал өнімдерін ыстық мырыштау жұмыстарына өзге фирманы емес, дәл «Сталь Цинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті жұмылдыруды тапсырды”, – дейді мемлекеттік айыптаушы Дияр Әділов.
Осыған дейін, алты қылмысқа қатысы бар деген Серік Ахметовке бір сағаттық үзілістен кейін тағы бір айып тағылды. Енді үкімет мүлкін талан-таражға салды деп айыпталған бұрынғы Қорғаныс министрін Ақмолдаевқа тиесілі компанияға қолдау жасағаны үшін екі жарым миллион доллар көлемінде пара алды деп кінәлап отыр. Бірақ Ахметовтың өзі бұл жайлы жауап қатпады.
Соттың басты отырысында тендерде «Сталь Монтаж» фирмасын жеңімпаз ету үшін 12 миллион теңге пара алды деген Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұловтың айыптары да оқылды.
Алты сағатқа созылған процесте үш мемлекеттік айыптаушы жиырма бір шендіге тағылған айыптардың жартысын ғана оқып үлгерді. Сондықтан 50 адвокат қорғауға алған аты шулы істің әлі де қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
Дереккөз: 31 канал