Куба да нарыққа бет бұрды

Куба Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Рауль Кастро үкіметтің келесі жылдың басынан бастап жарты миллиондай мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босатуды жоспарлап отырғанын жария етті. жұмыстан босатылғандар жеке бизнесті жүргізуге салынған тыйымдардың жеңілдетілуінің арқасында жаңа жұмыс орындарын таба алады, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы. Экономика саласындағы бұл жаңа шаралар, Куба экономикасының күші кете бастағаны туралы Фидель Кастроның мәлімдемесінен бірнеше күннен кейін жарияланып отырғанын айта кету керек.