Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

9 тамыз

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК« АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

d9b147b74c5add7734b8cdc93dbdc683-fbpost Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. «Ауылшаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін, «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. 1990 жылдан – ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан – Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1996 жылдан – Қазақстанның Бас хатшысы. 1996 жылдан – премьер-министрдің бірінші орынбасары – Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы. 1998 жылдан –  президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан – Қазақстанның Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болды. 2001 жылдан – Ауыл шаруашылығы министрі. 2002 жылдан – премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі. 2004 жылдан – премьер-министрдің орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан – Ауыл шаруашылығы министрі. 2008 жылдан бері – Алмакты қаласының әкімі қызметін атқарып келді. Сонымен бірге 2008 жылдан бері «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы. «Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.