Депутат Алмас Тұртаев Түркістанда іс сапарда болды
2015 ж. 07 тамыз
2050
0
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Алмас Ұзақұлы Тұртаев 2015 жылдың шілде айының 31-і мен тамыз айының 02-сіне дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында іс-сапармен болып қайтты.
Оңтүстік өңірінің ең ірі аудандарының бірі, көне тарихы бар Түркістан қаласында қазіргі таңда 300 мыңға жуық әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Мұнда әлемге белгілі Қожа Ахмет Иассауи мұражайы, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайынан басқа, Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, бірнеше ондаған арнайы білім беру орындары бар. А.Тұртаев іс-сапар барысында көне қаланың жағдайымен танысып, жергілікті тұрғындармен қарапайым халықтың қазіргі тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайлары туралы сұхбаттасты. Сонымен қатар, Түркістан медициналық колледжінде болып, ұстаздармен, студент жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында сапалы білім алу үшін жасалып отырған жағдайлар, оқулықтармен, жаңа озық үлгідегі оқу бағдарламалары, ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ету шаралары, сонымен қатар қазіргі жастардың интернетті қолдануы, оның пайдасы мен зияны туралы пікір алмасты.