Екі бірдей орынбасары парамен ұсталған Қостанай қаласының әкімі қызметтен кете ме?!.
2015 ж. 04 тамыз
2052
0
Бұл туралы Наша газета басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
«Мен бұл туралы не айта аламын? Мен үшін бұл оқиға үлкен «шок» болып отыр. Өзім де түсіне алмай отырмын. Басқа айтарым жоқ», – деді Ахметжанов.
Еске сала кетейік, Қостанай қаласы әкімінің орынбасарлары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін құрықталған болатын.
1 тамыз күні Мақсұт Қалиев «Премиум Палас» мейрамханасының маңында 13 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.
Ал Фрунзик Аракелян жемқорлыққа қатысы болғаны үшін қамауға алынған еді.
Дереккөз: Nur.kz