"Ақ жол" партиясы селден зардап шеккендерге көмектесті
2015 ж. 03 тамыз
1950
0
«Ақ жол» партиясы және Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету шарасы өтті. Бұл шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков және «Ақ Жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының белсенділері қатысты.
[caption id="attachment_38964" align="aligncenter" width="675"] SONY DSC[/caption]
Селдің себеп – салдары, болашақта болу қаупі және селден зардап шеккен жергілікті тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмек жайлы бірқатар сұрақтар бойынша депутат Нұрлан Жазылбеков, Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевпен кездесу барысында талқылап өтті.
Сел тасқынынан зардап шеккен 200 тұрғын үйдің ауласын, 1 000 метрден астам шақырым жерді Алматы гарнизонының әскер қызметкерлері тазартып берген. Дегенменде, тұрғындар селден кейін жиналған батпақты әлі де тазартып жатыр. Үйлердің қабырғалары мен жиһаздарынан селдің қай деңгейге дейін жүріп өткені анық байқалады. Қазірде зардап шеккен аймақтарға техника мен көмекшілер жеткізілді. Барлық жерде ТЖМ көліктері мен полиция кезекшілікте тұр. Ендігі маңызды сұрақ ауыз су мәселесі болып отыр. Аталмыш сұрақ бойынша депутат Нұрлан Жазылбеков, Наурызбай ауданындағы бірқатар жерлерді сумен қамтамассыздандыру үшін табиғатты қорғау аймағының бөлігіне қосу байланысының жобасын қолдау туралы кездесу барысында көтерді.
Бүгінде Алматы қаласында төтенше жағдай қаупі сақталуда екенін айтып кеткен жөн. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскерлері, белсенділер, волонтерлар мен өзінің азаматтық борышы деп ұғынған қарапайым халық жергілікті тұрғындарға қол ұштарын созып жатыр. Аталмыш аудандағы сел тасқынынан қатты зардап шеккен елді мекендерінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Қоғамдық штабы құрылған. «Жапа шеккен тұрғындар мен арнайы жауапты қызметтердің бізсіз де қайта қалыпқа келтіретіндіктері сөзссіз. Дегенменде, ең бастысы, орын алған мына қайғыда олардың жалғыз емес екендігін түсіндіре отырып бір жағадан бас, бір қолдан жең шығарып,жұмылған жұдырықтай бірігіп көмек көрсетсек нұр үстіне нұр ...» - деп, «Ақ Жол» партиясының белсенділері өз пікірлерін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарғалы өзені арнасынан тасып, Қарғалы және Таусамалы ықшам аудандарын ішінара су басқан болатын. Нәтижесінде, Алматы қаласының Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандарындағы жергілікті тұрғындар зардап шеккен.
qazaquni.kz