Әкімнің орынбасары ірі мөлшерде пара алып жатқан жерінен ұсталды
2015 ж. 03 тамыз
1719
0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 1 тамыз күні Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевті “Сыл” ЖШС директоры Гагик Овнаняннан 13 млн теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстаған.
Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Мақсұт Қалиев әуежай аймағында авто ХҚО салуды «Сыл» ЖШС-нің пайдасына шешпек болған.
Дереккөз: ИА "Казинформ"