
АСТАНА. ҚазАқпарат – Флорида штатында көне қазыналарды іздеумен айналысатын отбасы 300 жыл бұрын суға батқан кемеден құны 1 миллион доллар болатын испан алтынын тауып алды. Бұл туралы батып кеткен кемеге иегерлік құқығын 2010 жылы сатып алған Queens Jewels LLC компаниясының басшысы Брент Брисбен (Brent Brisben) хабарлады.
Қазына іздеуші Эрик Шмитт өз әйелімен, ата-анасы және қарындасымен бірге 51 алтын монета, 12 метрлік алтын шынжыр тауып алған.
The Local хабарлағандай, бұл олжалы отбасының соңғы үш жылда тапқан үшінші қазынасы.
Федеральді заңнама және штат заңнамасы бойынша қазынаның 20 пайызы жергілікті музейге қойылады, ал қалғанын Брисбеннің компаниясы мен Шмит отбасы бөліп алады, деп жазады Лента.ру.
http://www.inform.kz/kaz/article/2801428