Серік Ахметовтің туған ағасы мемлекетке жарты миллиард теңгеге жуық қаржы берді
2015 ж. 27 шілде
5190
8
Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің туған ағасы келтірілген заладың орнын толтыру үшін республикалық бюджет шотына 430 млн теңге аударды.
Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің туған ағасы тергеу айыбына сәйкес, Серік Ахметовтің мемлекетке келтірген залалын өтеу мақсатында республикалық бюджеттің банктегі шотына 430 млн теңге аударды.
«Төлем екі рет жасалды — біріншісінде Берік Ахметов 360 млн теңге төлесе, екінші ретінде республикалық бюджетке тағы 70 млн теңге аударды», — дейді Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу органындағы дереккөз.
Тергеу болжамы бойынша, Серік Ахметов тарапынан мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 млрд 200 млн теңгені құрайды.
Мекеме Берік Ахметов пен оның жиені әрі Серік Ахметовтің ұлы Данияр Ахметов іс бойынша куәгерлер арасында екенін мәлімдеді.
Олар облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішевтің қолдауының арқасында бірнеше жылдар бойы Қарағанды мен облыстың өзге қалаларында көшені жарықтандыру тіреуіштерін орнатудан тендерлер ұтып, мемтапсырыстың негізгі мөлшерін өздеріне алып отырған «Сталь цинк» ЖШС-ін бақсарып келеді.
Залалды төлеу — айыпты жанама түрде мойындаумен тең. Дегенмен қорғаушылардың мәлімдемесіне сәйкес, Серік Ахметов өз кінәсін мойындамай отыр.
«Бұл қаражатты Ахметовтің өзі емес, ағасы төледі. Сол себепті, Серік Ахметовтің көзқарасына бұл төлемдер еш әсер ептейді. Ол алдын ала тергеу кезінде кінәсін мойындамады және қазір де мойындамайды», — деп түсіндірді Серік Ахметовтің қорғаушылары.
Еске салсақ, бүгін, 27 шілде күні Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында экс-премьер-министр Серік Ахметовке және 20 экс-шенеунік пен коммерциялық құрылым басшыларына қатысты алдын ала сот тыңдалымы басталғаны хабарланған болатын.
Серік Ахметовтің ісімен қатар, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов пен 21 әкімдік қызметкерлерінің соты да өтіп жатыр деп жазды Азаттық Радиосы.
Бүгінгі алғашқы тыңдауда айыпталушылар тізімі мен оларға тағылған айыптар мен баптар аталды. Сот барысында судья Исламхан Есенбаев адвокаттардың сұрауы бойынша 15:00-ге дейін үзіліс жариялаған. Адвокаттар судьядан іспен танысып шығуға рұқсат алған.
Жауапқа тартылған шенеуніктерге пара алды, ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, қызмет өкілетін асыра пайдаланды, заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысты деген айыптар тағылған.
Ал Ахметов $2 млн-нан астам пара алды деп айыпталып отыр.
Источник: Nur.kz