Қазақстанда ЛГБТ-ларға орын жоқ!..
2015 ж. 24 шілде
2428
1
23 шілдеде жасаған баяндамасында HRW Қазақстанда ЛГБТ өкілдері “үрейлі атмосферада өмір сүріп жатыр” деді.
HRW-дың ЛГБТ құқықтарын зерттеуші, баяндама авторы Кейл Найт мұндай атмосфера қалыптасуына “олардың өздеріне жасалған зорлық-зомбылық пен кемсітушілік және құқықтарының бұзылғаны туралы билікке шағымданғанда көретін кемсітушіліктер бірдей әсер етіп отырғанын” айтады.
“Қазақстан үкіметі ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын қолдайтынын айқын білдіріп, қандай да бір кемсітушілік заңының қабылдануына жол бермей, гомофобияға қарсы шаралар қабылдауы тиіс” дейді ол.
HRW баяндамасын Халықаралық олимпиада комитеті 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын Алматы я Пекинде өткізу жайын шешетін 31 шілде қарсаңында жариялап отыр.
Дереккөз: Азаттық