Ғаламдық жылынудан Лондон мен Пекин Жер бетінен жойылуы мүмкін
2015 ж. 22 шілде
2520
1
Лондон мен Пекин қалалары Жер бетінен мүлдем жойылып кетуі мүмкін деп хабарлайды Euronews телеарнасы.
Биыл шілде айы планетамыздағы ең жылы уақыттардың бірі ретінде тіркелді. Бұл жайында АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеу басқармасының мамандары айтып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, 2015 жылдың бірінші жартысы әдеттегіден жылы болған. Дәл осындай жағдай былтыр да қайталаныпты.
Аптап ыстық нақты бір ғана аймақта емес, Жердің көптеген бөлігінде орын алған. Әсіресе, Пәкстан мен Үндістан елдері қатты зардап шекті. Мұнда қайтыс болғандар саны мыңға жуықтайды. Ал, ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілген.
Осы ғаламдық жылыну салдарынан алдағы бірнеше жылда әлемдік мұхит деңгейі 6 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Оның салдарынан көптеген қала су астына кетуі мүмкін.
Олардың қатарында Лондон мен Пекин де бар. Ғалымдардың айтуынша, климатты енді қайта қалпына келтіру мүмкін емес.
Әлемдегі бүкіл елдер БҰҰ талабын орындап, температураны 2 градусқа төмендетсе те, табиғи апаттан қашып құтыла алмаймыз дейді олар.
Дереккөз: BAQ.KZ