Дін мәселесі – ұлттық дамудың өте маңызды мәселесі
2010 ж. 24 қыркүйек
4127
1
Бөріхан Нұрмұхамедов,
«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары:
– Сәлеметсіз бе, Бөріхан Жолбарысұлы! Жақында біздің редакциямызға Сіздің Институтыңыз (Ұлттық зерттеулер институты) бен Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры өкілдігі бірлесе үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегінде Алматы қаласында «Қазақстанның модернизациялану жағдайындағы мемлекет пен діннің өзара әрекеттестігі: мәселелері мен болшағы» тақырыбындағы халықаралық конференция өткізілетіндігі туралы ақпараттық хабарлама келген болатын. Осы шара жайында айта өтсеңіз.
– Рахмет. Жалпы алғанда ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басында қазіргі әлемнің көптеген мемлекеттерінде діннің қоғамдағы ролінің артуы байқалып отыр, ол өз кезегінде оның кең таралуын білдіріуі де заңдылық. Жаһандану заманындағы бұл көпсатылы әрі көпдеңгейлі үрдіс біржақты жүріп жатқан жоқ. Жекелеген мемлекеттер мен бірқатар аймақтарда аталмыш үрдістің жағымды әсерлерімен қатар маңызды мәселелері және тәуекелдері байқалуда. Көптеген елдер мемлекет пен діннің және қоғамның өзара әрекеттесуінің заманауи ұтымды әрі тиімді модельдерін іздестіруде. Осы орайда аталмыш шараның өткізілу өзектілігі де арта түсуде.
– Сіздің зерттеулереңіз бойынша Қазақстандағы бұл мәселенің қазіргі таңдағы жағдайы қалай?
– Айта кету керек, Қазақстанда қазақ халқының қалыптасқан салтының арқасында бүгінгі таңда діни шыдамдылық пен қоғам өмірінің осы саласындағы бейбіт қатар өмір сүруі сақталуда. Бұған айғақ ретінде шамамен теңдей дәрежеде діни бірлестіктердің санының өсуі мен қазіргі таңға дейін діни негізде айқын қақтығыс жағдайларының орын алмағандығын келтіруге болады. Алайда, бұл қоғам мен дін өзара қатынастарындағы түйіскен мәселелерінің жоқ екендігін білдірмейді. Бірнеше діни бірлестіктер тарапынан елдің қоғамдық-саяси өмірінде кейбір таласты мәселелер пайда болды. Аталмыш мәселе ұлттық құрылыс сұрағында аса өзекті болып табылады. Сондықтан да қайталап айтқаным артық болмас деп ойлаймын, қазіргі таңдағы аймақтағы жағдай мен еліміздің модернизациялану процесі барысында бұл мәселенің талқыланып, кейбір шиеленісті сұрақтарының шешімін табу кезек күттірмейді.
– Жаңа өз сөзіңізде атап өткеніңіздей аймақтағы жағдай, яғни көрші мемлекеттердің бұл мәселе төңірегіндегі ұстанымдары қалай және мемлекетаралық пікір алмасу қандай дәрежеде сақталып отыр?
– Посткеңестік кеңістікте де соңғы онжылдықтарда қоғамның экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық–саяси өмірі біршама өзгерістерге ұшырады. Қоғамдық санада бір құндылықтардың басқаларына ауысуы жүріп жатыр. Бұл тұрғыда соңғы уақытта діннің қоғам өміріне жағымды әрі жағымсыз әсерлері де арта түсуде. Дінге деген қызығушылық артып, әртүрлі діни бағыттағы мыңдаған жаңа келістер, қауымдар, миссиялар пайда болуда. Орталық Азия елдерінде соңғы онжылдықтардағы мемлекеттің қоғам мен дін өзара қатынастарын реттеудегі рөлі әркелкі болып табылып, бұл аймақта да ортақ модельдің жоқтығын байқап отырмыз. Сонымен қатар Қазақстанда болсын, Орталық Азияда болсын ұдайы әрекет етуші диалогтық алаңдар жоқ. Ал, бұл мәселенің шешу жолдарын бірігіп іздеуге өзіндік кедергілер келтіруде. Біздің өткізгелі отырған халықаралық конференцияға аймақтағы мемлекеттердің дін мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеумен айналысатын сарапшалары қатысуға ниет білдіріп отыр. Әрине, бір күндік конференцияда барлық мәселенің түбегейлі шешілуі екіталай, алайда бұл шара мемлекетаралық, кең қоғамдық пікір мен тәжірибе алмасу үрдісіне бастама болмақ. Негізі конференциямыздың мақсаты да сарапшылар мен әлеуметтің қазіргі Қазақстандағы дін, мемлекет және қоғам өзара қатынастарының өзекті мәселелері мен сұрақтарын талқылау арқылы оның дамуының негізгі факторлары мен беталысын белгілеу, және түйіскен мәселелерді шешу жолдарын бірлесе іздестіру болып табылады.
– Конференцияда қарастырылатын жекелей тақырыптарды атап өте аласыз ба!?
– Конфренция барысында негізінен тақырыптар Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің қайта өрлеуіндегі діни фактор төңірегінде, кеңес заманындағы мемлекет пен діннің өзара қатынастарының тарихы мен тәжірибесі, Орталық Азияның посткеңестік республикаларындағы дін мен қоғамның өзара әрекеттестігінің практикалық тәжірибесі, қазіргі заманда дін мен демократиялық институттардың орнауы, құндылықтарды орнату факторы ретіндегі дін, мемлекет пен діннің қоғамның рухани дамуы мен қақтығыстық жағдайлар және мәселелерді реттеудегі ынтымақтастығы сияқты мәселелерді қамтиды.
– Конференцияға сарапшылардан басқа кімдердің қатысуы қарастырылып отыр?
-Біз конференцияға ҚР Мәдениет министрлігі, басқа да атқарушы билік органдарының, бейүкіметтік ұйымдар, діни бірлестіктер, ғылыми-зерттеу және ақпараттық-сараптама мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың, шет ел мемлекеттерінің Қазақстандағы елшіліктері мен өкілдіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырдық, және оған қоса жаңа өзіңіз айтпақшы тәуелсіз сарапшылардың да қатысуы қарастырылып отыр. Сондықтан да біздің ойымызша конференцияның нәтижесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де дін үшін де ойдағыдай болады деген үміттеміз.
Сұхбаттасқан
Айгерім ЕРДӘУЛЕТ