Талғат Ермегияевті «Нұр Отан» партиясынан шығару мәселесі талқылануда
2015 ж. 21 шілде
2123
2
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов журналистерге берген сұхбатында айтты.
«Бұл мәселе қазір Талғат Ермегияев тіркелген біздің «Бірлік» аумақтық филиалында талқыланып жатыр. Онда жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің отырысынан кейін шешім шығарылады. Біз бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз», – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, 11 маусымда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын.
12 маусымда оны «үйқамаққа» алу туралы сот үкімі шықты. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 176-бабы (сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемдену немесе ысыраптау) бойынша айып тағылған.
Дереккөз: ИА "Казинформ"