Серік Ахметовті үйқамақта ұстау шарасы өзгеріссіз қалды
2015 ж. 20 шілде
1917
1
Сыбайлас жемқорлық үшін айыпталған бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовті үйқамақта ұстау шарасы өзгеріссіз қалдырылды деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
“17 шілдедегі қаулыға сәйкес, сотталушы Ахметовке қатысты “үй қамауы” бұлтарпау шарасы өзгеріссіз қалды”, — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы.
Осыған дейін Серік Ахметовтің ісіне қатысты алдын ала сот отырысының 27 шілдеде сағат 10.00-де өтетіні хабарланды.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты істің сотқа жіберілгені белгілі болды. Сонымен қатар оның ісін судья Исламхан Есенбаевтің қарайтыны анықталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Ахметов ісінің сотқа жіберілгені хабарланған болатын. Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын.
Олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, $2 млн 400 мың — Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.
Дереккөз: ИА "Новости-Казахстан"