Астана саммитіне дайындық қызу жүріп жатыр

0
741

Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында тұңғыш рет Қазақстанда өткізілгелі тұрған ЕКЫҰ саммиті біздің елімізге, оның ішінде бірінші кезекте елорда басшылығына өте үлкен жауапкершілік жүктейтіні мәлім. Қашан да тас түскен жеріне ауыр ғой. Міне, осы аса мәртебелі жиынға деген дайындық жөнінде жақында Астана қаласының әкімі И.Тасмағанбетов арнайы түсініктеме берді.

Басқаны айтпағанда бір күнде 55 елдің басшылары мен олардың қосшыларын алып ұшып келетін 70 ұшақты жайғастырудың өзі оңай мәселе емес. Бұл – 5 минут сайын ұшақ қонып жатады деген сөз. Әр ұшаққа басқыш-траптар қажет, мемлекет басшысының көлігі кезек күтіп тұра алмайды ғой! Ол ұшақтарды апарып жайғастыратын тұрақтар керек. Әуежайдан қалаға дейнгі елдің ертеңгі көлік қатынасы қалай болады, бұл да маңызды мәселе. Саммиттің жұмыс күндері қаланың сол жағалауына тек арнайы құжаты бар автокөліктер ғана қатынайтын болады. Дайындық кезінде қалада 4 мыңнан астам жалға пәтер берушілер бар екендігі анықталды. Бұл да қауіпсіздік мәселесі. Қала әкімі қалай болған күнде де бұл ұлы жиын, ұлы тойды абыроймен өткізу – елдігімізге сын екенін, және оның сол тиісті деңгейде өтетіндігіне сенімді екенін білдірді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз