Ақмола облысы Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімі Яна Крыль өлтірілді, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Әкімдік ғимаратындағы жұмыс орнында, оған (Белағаш ауылының әкіміне – ҚазТАГ) бірге тұратын 37 жастағы ер адам үш мәрте пышақ жарақатын салған. Оны ОАА-ға жеткізді, онда ол есін жимастан, көз жұмды», – деді Ақмола облыстық ІІД сәрсенбіде.
Осы ретте, қылмысқа күдікті 1978 жылы туған ер адам сондай-ақ өзінің өмірімен қош айтысуға тырысып, өз-өзіне пышақ жарақаттарын салған. Қазір ол аудандық ауруханада жатқан палатаға күзет қойылған.
«Ол ОАА хирургиялық бөлімшесіне жеткізілген, қазіргі таңда қарулы күзетпен жатыр», – деп толықтырды баспасөз қызметінен.
Аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бап 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
33 жастағы Белағаш ауылы әкімінің қызметін 2010 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін шілденің 14-і күні Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауданы
әкімінің жансыз денесі үйінен табылғаны хабарланған еді. Полицияның мәліметі бойынша, аудан әкімі кісі қолынан мерт болған. Алтайбек Сейітовты
өлтірді деген күдік бойынша оның жүргізушісі ұсталды.
www.nur.kz