Ректордан – министрге

d0b1-d0b6d2b1d0bcd0b0d293d2b1d0bbd0bed0b24

Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Жұмағұлов еліміздің Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Жаңа басшысыны ұжымға Премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырды. Министрліктің бұрынғы жетекшісі Жансейіт Түймебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бақытжан Жұмағұлов бұған дейін түрлі жауапты қызметтер атқарған. Бүгінге дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры болды. Үкімет басшысы жаңа министрге бірқатар міндеттер жүктеді.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

– Бақытжан Тұрсынұлын жұрттың бәрі біледі. Сондықтан мемлекет басшысы сеніп тапсырған Білім және ғылым министрлігі сынды маңызды саланы ойдағыдай алып жүреді деп ойлаймын. Оның үстіне қазір білім беру саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Оның негізгі тұстары айқындалды. Енді мемлекет басшысы тапсырған міндеттердіғ барлығын мүлтіксіз атқару қажет.

Нұртас Солтанұлы