Салық саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша сұрақтар ҚР Президентінің әр жыл сайынғы Жолдауында көрініс тауып отыр. Онда Елбасы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін нақты айқындап көрсеткен. Бұл күрес мемлекеттік саясаттың, сонымен қатар салық басқармасының негізгі басымдығы ретінде анықталған.

Казіргі таңда сыбайлас жемқорлық салық басқармасының беделіне нұқсан келтіруде және де салық төлеушілердің сеніміне кері әсерін тигізуде. Кінәлілер заң тарапынан әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. 1 рет заң бұзушылықпен тәртіптік тартылып, 1 жыл ішінде оны қайталаған жағдайда қызметкердің мемлекеттік жүйеден кетуіне немесе жұмыстан босатылуына әкеп соғады.

Сонымен қатар, жемқорлықпен күресу жөнінде ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ҚМ СК ҚР 26.09.2007 жылғы №689 бұйрығымен «ҚР Салық басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданған. Әрбір салық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істейтін және қызметтік этиканың сақталуына жауап беретін Комиссия құрылған, салық төлеушілер заң бұзушылықтарды мәлімдеу үшін сенім телефондары қойылған.

ҚР заңына сай 2009 жылдан бастап «Салық және мемлекеттік бюджетке төлемдер туралы» ҚР Кодексі күшіне енді. Онда тікелей жұмыс жүйесі қолға алынған, салық заңнамаларындағы екіұшты түсінікті нормалар жойылған. Оның үстіне Салық Кодексінде жемқорлықтың белең алуына кедергі жасайтын жағдайлар қарастырылған. Мәселен: 1) ҚР салық заңнамасын түсіндіру, 2) Салық төлеушінің сұралатын құжаттарды алдын-ала көруіне болатын терминал жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы; 3) салық есептіліктерінің электронды түрде тапсырылуына программалық жабдықтаулар, электронды түрде бюджетке төлемдер жасалуы; 5) Салық басқармасымен хабарлама алмасудың электронды түрде жұмыс жасау жүйесін жүргізу және дамыту; 6) Салық міндеттерін (есептерді) орындау жөнінде мәліметтер алуына жағдай жасалған.

Салық басқармасы жүйесіндегі салық есептіліктерін камеральдық бақылау бойынша заң бұзушылықтарды анықтау салық төлеушінің тапсырылған есептілігін, сонымен қатар салық төлеушінің қызмет жүргізуіне байланысты басқа да құжаттарды талдап саралау арқылы жүргізілетіндіктен, салық төлеушілермен тікелей қатынас жүргізіледі. Мұның өзі сыбайлас жемқорлықтың салық төлеушімен қатар мемлекеттік қызметкер тарапынан да пайда болуына алып келеді.

Қазіргі таңда мұндай заң бұзу­шылықтарға әкеп соқтырмау үшін салық төлеушілермен мәліметтерді элктронды түрде алмасу программасы жетілдірілу үстінде.

Әлия Қаңтарбаева,

Алматы қаласы Алмалы аудандық Салық басқармасының

салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы