Жаңа маусым ашылды

0
773

Таяуда жаңа маусымның ашылу салтанатын «31 арна» өз телестудиясында жасады. Салтанатты шараға телеарнаның бас директорынан бастап, барлық басшылары мен тілшілері түгел қатысты. Ұйымдастыру жағынан да мін болмады.

«31 арна» жаңа маусымда телекөрермендерді немен қуантады дейтін болсақ, жасаған іс ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, апталық бағдарламалардан жаңадан ашылған «Теңге ВОХ», «ТалантШОУ», ал «Әзіл-студио» көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлаумен келеді. «Информбюро» кешкі жаңалықтардың көрсетілім уақыты 18-00-ден 19-00-ге ауыстырырылып отыр. Телеарнаның Бас директоры Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы өз сөзінде: «Біз әрдайым сапалы өнімге ұмтыламыз. Рейтингті жоғарылату үшін қолдан келген мүмкіндікті пайдалана отырып, телекөрермендерге ойын-сауықтан өзге де жақсы бағдарламалар болады», – деп қорытындылады.

Меніңше, «31 арна» осылай жаңадан ашылған дүниелер мен енгізілген өзгертулерді елге жария етіп, баспасөз конференциясын өткізу арқылы, БАҚ алдында есеп бергендей болды. Тамаша бастама. Ендеше, әріптестерімізге іске сәт!

Еңлік АППАҚ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз