БАРЫНША ІСКЕР БАҒДАРЛАМА... БІРАҚ, ӘЛІ ДЕ АТҮСТІЛІК БАР

Аталмыш бағдарлама жобасы алдыңғы он жыл бойы талғажу еткен нұсқадан гөрі насихат пен демогогиядан ада, барынша іскерлік сипаты бар. Дегенмен, танысу барысында атүстілік пен қолға алған шаралардың, ниеттердің әлі де бірқырын екендігі айқын болды. Бұл жоба бірыңғай Мәдениет министрлігінің пікірі мен пайымына құрылғандығы көрініп тұр. Ал, тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді дамыту бір министрліктің ауқымы емес, оған үкіметтік жұмыс тобы қатыстырылуы керек еді. Сонымен, өз ойымымыз бен уәжімізге ерік берейік.

(Басы өткен санда)

2-МАҚСАТ: Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілікке тарату

Міндеттер:

1. Мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру

Нәтиже көрсеткіштері:

- Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі креативті шешімдер орталығын құру - БҰЛ ЖӨНІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТАР БОЛСА, ОРТАЛЫҚ ҚҰРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

- Мемлекеттік тілде сөйлеу­шілердің жағымды бейнесін насихаттау жөніндегі материалдардың БАҚ-тардағы саны - ОНДАЙ НАУҚАННЫҢ КЕРЕГІ НЕ?

- Мемлекеттік тілді көпшілікке тарату міндеттерін шешуге бағытталған әлеуметтік маңызды жобалардың саны – БҰЛЫҢҒЫР МІНДЕТ, ОНЫҢ ОРНЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРТАСЫН КЕҢЕЙТУ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС ПЕ? СОЛ АРҚЫЛЫ ӘРБІР ҰЖЫМ МЕН ҰЙЫМНЫҢ ҚАЗАҚТІЛДІ МЕ, ЕМЕС ПЕ ДЕГЕН САУАЛҒА ЖАУАП БЕРЕТІНДЕЙ КӨРСЕТКІШ ӘЛДЕҚАЙДА МАҢЫЗДЫ БОЛАР ЕДІ.

2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

Нәтиже көрсеткіштері:

- Мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарна құру – ҚОЛДА БАР АРНАЛАРДЫҢ САНЫ МЕН САПАСЫНА ТАЛДАУ ЖАСАЛМАЙ, ОЛ АРНАНЫҢ ҚАНДАЙ АЙЫРМАСЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ БОЛУЫ МҮМКІН?

3-МАҚСАТ: Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты

Нәтиже көрсеткіштері:

- Ономастикалық комиссиялар жұмысының ашықтық және шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамның қол жеткізу принциптеріне сәйкестік дәрежесі. – ОДАН ГӨРІ ЖЫЛЫНА БІР КӨШЕНІ БІРНЕШЕ РЕТ ӨЗГЕРТІП ЖҮРГЕН КОММИССИЯЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ МЕН ТИЯНАҚТАУ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС ПЕ?

- Терминологиялық комиссиялар жұмысының ашықтық және шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамның қол жеткізу принциптеріне сәйкестік дәрежесі. – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРЕТІН, ОНЫҢ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІН БҰЗУҒА БЕТТЕГЕН ТЕРМИНКОМ ЖҰМЫСЫН ТҮБІРІМЕН ҚАЙТА ҚҰРЫП, ОҒАН ТІЛ ИНСТИТУТЫН ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫРҒАН ЖӨН ҒОЙ.

Міндеттер:

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру

Нәтиже көрсеткіштері:

- Өңірлердің көрнекі ақпаратты пайдалануды бақылаумен қамтылу дәрежесі – БИЛБОРДТАҒЫ ҚАТЕНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚОРДЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?

- Әзірленген және шығарылған ономастикалық бюллетеньдердің саны

- Әзірленген және шығарылған терминологиялық бюллетеньдердің саны

– БӘЛКІМ, ПАЙДАСЫЗ ЖӘНЕ ТИІМСІЗ БЮЛЛЕТЕНДЕРДІҢ ОРНЫНА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕМЛЕ СӨЗДІГІН, «БІР ҰҒЫМ - БІР БАЛАМА» ПРИНЦИПІ БОЙЫНША ҚАЗАҚ-ОРЫС-АҒЫЛШЫН БАЛАМАЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛҒАН БАРЫНША ТИІМДІ БОЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТКІШ РЕТІНДЕ ОНОМАСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР САНЫН ЕСЕПТЕУ ӨЗЕКТІ ЕМЕС ПЕ?

Тіл мәдениетін жетілдіру

Нәтиже көрсеткіштері:

– Тілтану саласындағы мамандан­дырылған баспа басы­лымда­рының жиынтық көлемі - ҒЫЛЫМ­НАН ТЫС, КЕРЕКСІЗ БАСЫЛЫМДАРДАН ГӨРІ ТІЛ ИНСТИТУТЫ ЖАНЫНАН ТІЛТАНУ МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ(РЕЧЬ) МӘДЕНИЕТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІН АШҚАН НӘТИЖЕ БЕРМЕЙ МЕ?

– Электрондық анықтама­лық тіл қызметінің интернет-ресурсына кіру -САЙТҚА КІРУ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖЕТІЛУ КӨРСЕТКІШІ БОЛҒАНЫ МА?

4-МАҚСАТ: Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту

Мақсатты индикаторлар:

- республиканың орыс тілін меңгерген ересек тұрғындарының үлесі

- Ұлттық мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілін оқыту курстарымен қамтылған басқа этнос өкілдерінің үлесі

- республиканың ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындарының үлесі – БҰЛ ИНДИКАТОРЛАР ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ, САНАҚ ЖҮРГІЗІЛЕ МЕ?

Міндеттер:

1. Коммуникативтік-тілдік кеңіс­тік­те орыс тілінің қызметін сақтау

Нәтиже көрсеткіштері:

- Орыс тілінде оқытатын, тәрбие-білім беретін мекемелердің үлесі - ЕГЕР ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТУҒА ҚҰЛЫҚСЫЗ ОРЫС ЕМЕСТЕР КӨБЕЙІП, БҰЛ КӨРСЕТКІШ ТАБИҒИ ЖОЛМЕН АЗАЙСА ҚАЙТЕМІЗ? ҚАЗАҚ БАЛАБАҚШАЛАРЫ МЕН МЕКТЕПТЕРІН ҚЫСҚАРТАМЫЗ БА? БҰЛ МІНДЕТ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҮШІН НЕГЕ ҚОЙЫЛМАҒАН?

- Мемлекеттік қызметтер көр­сету кезіндегі (мемлекеттік органдар (МО) бөлігінде) мемлекеттік тілмен қатар, орыс тіліндегі ақпараттарға қол жеткізу дәрежесі - БҰЛ МІНДЕТ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҮШІН НЕГЕ ҚО­ЙЫЛМАҒАН? БҰЛ КӨР­СЕТ­КІШТІ ДҰРЫСТАУ ҮШІН ӨҢ­КЕЙ ҚАЗАҚЫ АУДАНДАРҒА ДА ОРЫС ТІЛІН ТЫҚПАЛАЙМЫЗ БА?

- Азаматтардың қарым-қатынасы жағдайында (МО бөлігінде) тілдерді тең қолдану қағидаларын сақтау деңгейі - БҰЛ МІНДЕТ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛМАҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҮШІН НЕГЕ ҚОЙЫЛМАҒАН?

- Қызмет көрсету (байланыс, көлік, банк, сауда және т.б.) саласында орыс тілін пайдалануға қолжетімділік дәрежесі – ҚАЗАҚ ТІЛІ СОЛАЙЫМЕН ЫҒЫСТЫРЫЛЫП ОТЫРҒАН ЖАҒДАЙДА АТАЛМЫШ САЛАЛАРДАҒЫ БҰЛ МІНДЕТ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҮШІН НЕГЕ ҚОЙЫЛМАЙДЫ?

2. Қазақстанда тілдің әралуан­дығын сақтау

Нәтиже көрсеткіштері:

- Қазақстанда тұратын этностарды ана тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің саны – ОЛАРҒА ӨЗ ТІЛДЕРІНДЕ ОРТА БІЛІМ БЕРІП АЛЫП, СОСЫН ҚАЗІРГІДЕЙ ҚАРЖЫ БӨЛІП, ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАЙТА ОҚЫТУ ЖАЛҒАСА БЕРМЕК ПЕ? ОЛАР ӨЗДЕРІН ТОЛЫҚҚАНДЫ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ҚАШАН СЕЗІНБЕК?

- Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде этностар тілдерінде шығарылатын БАҚ басылымдарының үлесі – МӘСЕЛЕН, ЕЛДЕГІ БІР МЫҢ ЛАТЫШҚА БІР ЖУРНАЛ, БІР ГАЗЕТ АШУ АРҚЫЛЫ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА БӘСЕКЕ ТУДЫРУ ДЕГЕН СӨЗ БЕ?

6. БАҒДАРЛАМАДА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАР

Бағдарламаның «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» негізгі мақсатын іске асыру – Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды бағамдайды. – БҰЛ ҚАНДАЙ ЖҮЙЕ БОЛМАҚ?

БІРІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік тілді қолдануды көпшілікке тарату

Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

Мемлекеттік тілде сөйлеуші адамның беделді («сәнді») бейнесін қалыптастыру – ЖАҚСЫ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРУ МЕН ШЕТ ФИЛЬМДЕРДІ ТІКЕЛЕЙ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖОЛҒА ҚОЮДАН, САПАЛЫ ТЕЛЕШОУЛАРДЫ МЕРЕКЕЛЕРДІ, ҰЙЫМДАСТЫРУДАН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ­КЕРЛЕР МЕН ЛАУАЗЫМДЫЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕТУДЕН АРТЫҚ ИМИДЖГЕ ҚАТЫСТЫ НЕ БАР?

1.4.Қазақ тілді БАҚ-ты жүйелі түрде қолдау (БАҚ-тың онлайн басылымдарын қолдау, БАҚ-қа арналған сыйақылар және марапаттар) –

БҰЛ ЖЕТКІЛІКСІЗ: САЛЫҚ­ТАН БОСАТУ, ҚАЗАҚТІЛДІ ЖАРНАМАНЫ ӘРБІР ЖАРНАМА БЕРУШІГЕ МІНДЕТТЕУ СЕКЛДІ ШАРАЛАР КЕРЕК.

2.Мемлекеттік тілді ғылым, заң және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту – КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰТЫНЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЙДА? ОЛ ДИПЛОМАТИЯ ТІЛІ ҚАШАН БОЛМАҚ?

БІРІНШІ БАҒЫТ. Қазақ тілінің лингвистикалық кеңістігін одан әрі кеңейту – ШЕТЕЛДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ КЕҢІСТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ ҚАШАН ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ?

3.3.Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазып-көрсете отырып, тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру (Тілдер фестивалі, Славян жазуының күні, «Тілдарын» (ҚАНДАЙ ҰШҚАРЫ АТАУ!) конкурсы, т.б.) - ТҮРКІ ЖАЗУЫНЫҢ КҮНІН БЕЛГІЛЕЙТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ ЕМЕС ПЕ?

Аталмыш бағдарлама бұрынғысынан өзгерек, сауатты да техникалық жағы жүйелі, жұмыстық құжат ретінде түзілген, алайда, небір кілтипандар толық ашылмаған және сәйкес шаралар жеткіліксіз, бұлыңғыр, жауабынан гөрі сұрағы көп. Он жыл бойы тілімізді кері кетірмей, дамытатын бірден бір құжат болғандықтан, оған атүстілік тән болмауы керек. Әлде де ресми бағынышты ортадан гөрі, интеллектуалдық тәуелсіз ортада талқыланып барып, түзетілгені мақұл. Және де Жұмыс тобына министрліктерден құзырлы өкілдер қатыстырылып, үкімет­тік жұмыс тобы іске кіріскені абзал.

Сағат ЖҮСІП