Сағынтаев “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
2015 ж. 10 шілде
2008
0
“Самұрық-Қазына” АҚ Басқармасының сырттай отырысы барысында “Қазатомөнеркәсіп” АҚ Директорлар кеңесінің құрамы мен өкілеттілік мерзімі анықталып, Кеңес мүшелері және төрағасы сайланды деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев “Самұрық-Қазына” АҚ Басқармасының шешімімен Жалғыз акционердің өкілі ретінде “Қазатомөнеркәсіп” АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
“Қазатомөнеркәсіп” АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы: Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы – Жалғыз акционердің өкілі, “Самұрық-Қазына” АҚ активтерін басқару жөніндегі Бас директор; Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы – Жалғыз акционердің өкілі, “Тау-кен Самұрық” АҚ басқарма төрағасы; Арсланова Зарина Фуатовна – Тәуелсіз директор; Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы – “Қазатомөнеркәсіп” АҚ басқарма төрағасы.
“Қазатомөнеркәсіп” АҚ Директорлар кеңесінің өкілетті мерзімі – бір жыл.
Дереккөз: Nur.kz