Үндiстан премьерi Твиттерге қазақша жазды
2015 ж. 08 шілде
1858
1
Мемлекеттiк iс-сапармен Қазақстанға келген Үндiстан премьер-министрi Нарендра Моди Твиттерде қазақ тілінде жазды. Бiрiншi жазбасын ол Астанаға қонған кезде бiрден жариялаған.
“Үндістанның Орталық Азиядағы сенімді досы – Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын”, – деп жазды ол.
Екiншi твитте ол Қазақстан премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовпен бiрге түскен фотосуретті салған болатын.
Нарендра Моди онда: “Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, ыстық ықыласпен қарсы алғаныңызға алғысымды білдіремін”, – деген жазу қалдырған.
Айта кетейiк, оның оқырмандары 13,5 миллионға жетiп отыр.
8 шілдеде Астанада Қазақстан Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен елімізге ресми сапармен келген Үндiстанның Үкiмет басшысы Нарендра Модидiң қатысуымен Қазақстан-Үндiстан бизнес-форумы өтті.
Бизнес-форум барысында Қазақстан мен Үндiстанның сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынастарының жол картасы жасалды. Оған жалпы 30-ға тарта бiрлескен жоба енiп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Үндiстан кәсiпкерлерi мен iрi компаниялары арасында 12 келiсiмшартқа қол қойылды.
Дереккөз: ИА "Казинформ"