Ақтөбеде ЕХРО-ға дейін салынып бітуі тиіс құрылыстың қаражаты жымқырылды
2015 ж. 29 маусым
1847
4
Ақтөбеде Энергия үнемдеу орталығының құрылысы бір жылдан бері тоқтап тұр. Мердігер компания қосалқы құрылыс компанияларының ақшасын, еңбекақысын бермей, бар қаржыны жымқырып кеткен деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс комитетінің өкілі Серікхан Жамбылов мәлімдеді.
Ақтөбедегі “ақылды үйдің” құрылысына 900 млн теңге бөлінген. Мұнда күн сәулесімен су жылытылып, салқын сумен ыстық ғимарат ішін салқындатуға болады деп жоспарланған. Жарық желден қуат алатын құрылғы арқылы беріледі. Қабырғасы мен терезесі де жылуды үнемдейді. Құрылыс біткен соң мұнда Батыс Қазақстандағы пәтер иелерінің кооперативі, құрылыс мекемелері мен коммуналдық қызметкерлер оқытылмақ. “Экспо-2017″ халықаралық көрмесі қарсаңында мұндай орталық Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында салына бастады. Бірақ ешқайсысының құрылысы әлі біткен жоқ.
“Ақтөбедегі құрылыс 2013 жылы басталды. Бірақ мердігер компания қосалқы құрылыс компанияларына ақша бермей, бәрін өз қалталарына басып отырған. Сондықтан сот болды. Мемлекет қаржысы кері қайтарылды”, – дейді Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс комитетінің өкілі Серікхан Жамбылов.
Тоқтаған құрылыстың қашан қайта жалғасатыны белгісіз. Бірақ құрылыс 2016 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас