Кәсіби ұшқыш Т. Әубәкіров киіктердің жаппай қырылуы гептилден екенін дәлелдеп берді
2015 ж. 26 маусым
5999
7
Елімізде киіктердің жаппай қырылу себебі де соның жаңғырығы болуы мүмкін. Осындай пікірімен қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров бөлісті.
“Гептил – өте улы зат. Ол суда да, топырақта да көптеген уақыт бойы сақталады. Гептилдің сіңіп, еріп кету мерзімі өте ұзақ. Улы зат тірі организмге түссе, ішкі құрылыстың бәрін күйдіріп жібереді. Кезінде орыс мамандары гептилдің залалсыз екенін айтып, тіпті, “Ол тиген судың өзін ішуге болады, қауіпсіз” деген қауесет таратқан еді. Өздеріне ішкізіп көрер едім мен. Менің айтарым, Қазақстанның Бетпақдаласында гептил қалдықтары өте көп. Киіктердің жаппай қырылу себебі осыдан болуы мүмкін. Кезінде қазақ жерінде түрлі сынақтар өтті. Барлығы да соның жаңғырығы дер едім. Бірақ бұның бәрі тек менің өз пікірім”, – дейді Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров.
Менің айтарым, Қазақстанның Бетпақдаласында гептил қалдықтары өте көп. Киіктердің жаппай қырылу себебі осыдан болуы мүмкінСондай-ақ, Тоқтар Әубәкіров қыркүйекте ғарышқа аттанғалы жатқан қазақстандық ұшқыш Айдын Айымбетов туралы пікірін білдірді. Айтуынша, үміткер ғарышқа алғаш рет аттанғалы отырса да, Қазақстан Республикасы ғарышкері атағын алып үлгерген, астрономия ғылымдарын терең оқыған, әрі болашақ ғарышкерлерге дәріс беріп жүрген маман.
“Тағы бір ерекшелігі Айдын Айымбетов – қазақ азаматтығы бар алғашқы ғарышкер. Бұл біздің отандық Ғарыш агенттігінің ең үлкен жетістігі дер едім”, – дейді Тоқтар Әубәкіров.
Киіктердің жаппай қырылу себебі осыдан болуы мүмкін. Кезінде қазақ жерінде түрлі сынақтар өтті. Барлығы да соның жаңғырығы дер едім“Алдымен бұл Қазақстан Ғарыш агенттігінің жеңісі. Олар өздерінің позициясын ұстанып, жақсы жұмыс тындыра білді. Әрине, ағылшын туристінің ұшудан бас тартқаны да бізге тиімді болды. Құдай қаласа, Айдын Айымбетов осы қыркүйекте ғарышқа аттанады. Бұл үлкен жетістік. Ол өзі білікті маман. Бұл сапарға ол бұрыннан әзір болатын. Кезінде ғарышкерлер командасына Айдын мен Мұхтар Аймаханов іріктелген еді. Қазір Мұхтар ресейлік ғарышкерлер қатарында өз кезегін күтіп отыр. Ал Айдын, мен және Талғаттың жолын қуып, қазақ азаматтығы бар алғашқы ғарышкер атанғалы отыр”, – деді Тоқтар Әубәкіров.
Дереккөз: Астана телеарнасы