Жүлдегерлер ішінде «Қазақ үні» газетінің бөлім редакторы Дастан Елдесов те бар
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында Баспасөз күніне орай 2014 жылғы 24 маусымда «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының сөзімен ашылды. Министр журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтап, мәдениет пен өнер, тіл мен дін, спорт және қоғамдық келісім салаларындағы жаңалықтар мен жетістіктерді насихаттап, өзекті мәселелерді ортаға салып, тиісінше аталған салалардың дамуына үлес қосып жүрген журналистерді құрмет грамотасы, алғысхаттармен марапаттады.
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шара «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты.
Республикалық байқауға еліміздің өңірінен 200-ден аса материалдар келіп түсті. Еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни материалдар жариялаған жекелеген тілшілер қатысты.
Байқаудың ережесіне сәйкес «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша 4 бағытта бағаланды.Байқауға 2015 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар қамтылды. Байқауға келіп түскен материалдар елімізге белгілі жазушылар мен журналистдің тәжірибелі мамандарынан құралған арнайы қазылар алқасы, атап атқанда Сенат депутаты
, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Нұрлан Мырқасымұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы, қазылар алқасының мүшесі Смайыл Зейноллаұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, қазылар алқасының мүшесі Қайрат Өмірбайұлы, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті, қазылар алқасының мүшесі Жексенбай Бибігүл , «Түркі Академиясы» ғалым хатшысы, қазылар алқасының мүшесі Шәріп Амантай қарастырып, жүлдегерлерді анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мақала» номинациясы бойынша 1-орынды «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі, басылым шолушысы Сүлеймен Ысқақ, 2-орынды «Арқа ақшамы» қоғамдық-саяси апталық газетінің редакция меңгерушісі, жауапты хатшысы Құлынтай Монай, 3-орынды Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің жауапты хатшысы, Жұмаділова Дәрия Ертайқызы жеңіп алса, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша 1-орынды «Мемлекеттік тілді дамыту институты» сайтының тілшісі
Слямбеков Қымбат, 2-орынды «Қазақ үні» газетінің бөлім редакторы Дастан Елдесов (суретте), 3-орынды Батыс Қазақстан облысы «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Казақпарат.кз» сайтының меншікті тілшісі Ғайсағали Сейтақ иеленді. Сондай-ақ «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясы бойынша 1-орынды «Бірінші Қарағанды» телеарнасының тілшісі Мұсабеков Алмас, 2-орынды «Жетісу» телеарнасының редакторы Асылбекова Айман, 3-орынды Қостанай облысы «Акцент» Лисаковск телеарнасының бас редакторы Лизунова Диана жеңіп алса, «Үздік радио бағдарламасы» номинациясы бойынша 1-орынды Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Есенбек Санатұлы, 2-орын «Рудный дауысы» радиосының тілшісі Асантаев Жанарыс, 3-орынды "Халық радиосы" орыс редакциясының меңгерушісі Аманжулова Асемгүл иеленді. Тергембаева Кенжегүл, Қопаева Кәмшат, Ғанибет Ғалымбекұлы, Орынбек Өтемұрат, Бегман Ысқақ, Дәуіржан Төлебаев, Жасұлан Жолдыбаев, Ерболат Қуатбек, Жадыра Ғазезқызы Шамұратова, Ризабек Нүсіпбекұлы, Әлия Шамышева, Ербақыт Амантайұлы сынды журналистер ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарға диплом, алғысхаттармен қатар, ақшалай сыйлықтар берілді. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп жүрген бұл іс-шара мемлекеттік тіл саясатын насихаттау белсенділігін арттырып, тиісінше тіліміздің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.