Мұхтар ШАХАНОВ: Ұлт мүддесін батыл қорғап келе жатқан басылым

0
1047

d0bcd2b1d185d182d0b0d180-d188d0b0d185d0b0d0bdd0bed0b2-2

Қазір республикамызда қазақ тілінде шығатын 500-ден астам газет-журнал бар екен. Солардың он-он беске жуығы ғана қазақ халқының бүгінгі таңда қыспақта қалған ұлт, тіл мәселесіне барынша болысады, жаны ашиды.

Ал қалғандарының басым көпшілігі билік төріндегілерді мадақтауға, олардың туфлиін мұртымен шөткелеуге, мұрты болмаған жағдайда тілімен жалауға әзір тұрады. Он жылдан бері бұлтақтамай, жасырынбай, жасқанбай, ұлт, тіл мүддесін батыл қорғап, қайрат көрсетіп келе жатқан басылымның бірі – ұлтшыл азамат, дарынды ақын Қазыбек Иса басқаратын «Жас қазақ үні». Осы газетті айтулы мерекесімен құттықтай отырып, оның оқырмандарына өзімнің негізгі тілегімді ұсынғым келеді:

«Саралауға ұлтсыздықтың, сатқындықтың қыспағын,

Әр қазаққа керек бүгін мүлде жаңа ұстаным:

Бір сәт тежеп атқарылар қызметін құлқы үшін,

Толғанбаса жойылуға бағыт алған ұлты үшін,

Орыстанған жанұясында күреспесе тілі үшін,

Сын сағатта өз ұлтымен бірге алмаса тынысын,

Бұған қоса намыссыздық сырқатынан сорласа,

Құжатында «қазақ» болып жазылғаны далбаса!

Хақымыз бар ондайларға сөз арнауға бөлектеп:

«Тәлім берген ата-анаңа және өзіңе нәлет!» деп…»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз