Марғұлан МАРАЙЫМ, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының әкімі: Ұлт рухын ұлықтаған…

0
1967

Құрметті Қазыбек Жарылқасынұлы!

Сізді және бүкіл редакция ұжымын „Жас қазақ үні” республикалық қоғамдық-саяси газетінің құрылғанына 10 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.

Он жылдық белесті артқа тастаған «Жас қазақ үні» осы уақыт аралығында оқырмандардың шын мәніндегі жанашырына, рухани күш берер сырласына айналды. «Жас қазақ үні» қазақ баспасөзінің ішінде ұлттық мүддені көздейтін, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды ашып жазатын бірден бір басылым екені даусыз. Бұл қазақ оқырмандарының, оның ішінде ұлт зиялыларының берген лайықты бағасы.

Мемлекеттік тіл мәселесін ашына жазып, ана тіліміздің келешегіне байланысты тұщымды ойлары мен қазақ зиялылырының ашық пікірлерін бір арнада тұңғыш тоғыстыра білген де «Жас қазақ үні» болатын. Басылым ұлттық мүддені ту етіп жоғары көтерген қазақ баспасөзінің шыңына шығып отыр. Бұған дәлел газеттің саяси науқан кездерінде 100 мыңға дейін жеткен таралымы болса керек.

Он жылдың қалың қазақ оқырмандары үшін де, редакция ұжымы үшін де алар орны бөлек. «Жас қазақ үні» газетінен түлеп ұшқан жас журналистер бүгінде белгілі басылымдардың белді қызметкерлеріне, тіпті кейбірі талантты қаламгерлерге айналды. Олар басылымның бүгінгідей бет-бейнесінің қалыптасуына үлкен үлес қосып келеді. Олардың арасында біздің жерлестеріміз, бүгінде әдебиет айдынында өзіндік қолтаңбасын қалдыруға талпынып жүрген қаламгерлер Әмірхан Балқыбек, Әлібек Шегебай да бар.

Шардаралық жерлестеріңіз «Жас қазақ үні» газетінің мерейтойын үлкен ықыласпен қабылдап, қуанышқа бөленуде. «Жас қазақ үні» бүгінде жерлестеріңіздің іздеп жүріп оқитын жан серігіне айналған.

Мерейтойларыңыз баянды болып, шығармашы­лық­тарыңызға шабыт қосылсын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз