Қатерлі ісікке шалдыққан генерал Майкеев бостандыққа шықты

Бағдат Майкеев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 6 жылға абақтыға жабылған Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары қатерлі ісікке шалдығып, денсаулығының күрт нашарлауына байланысты жазасы жеңілдетілген, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Багдат Майкеев

Бағдат Майкеев

Заң бойынша адам қандай қылмыс жасаса да қатерлі дертке душар болған жағдайда бостандыққа жіберіледі. Ал, экс-генералға тергеу кезінде-ақ операция жасалған еді. Содан беті бері қарамапты.

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Бағдат Майкеевті былтыр ақпанда, Астанада үйінің ауласында 2 миллион доллар пара алып жатқан жерінде ұстаған болатын.

Шенеунік бұл ақшаға таныс кәсіпкерге тендер ұтып берген екен. Сөйтіп, Майкеев «ірі көлемде пара алды», «заңсыз қару сақтады» деген айыппен 6 жылға темір торға тоғытылған.

Енді жазасын тура бір жыл өтеген экс-генерал денсаулығының нашарлауына байланысты босап шықты.

Источник: КТК