Түркияның экс-президенті Сүлеймен Демирель дүниеден өтті
2015 ж. 17 маусым
1846
0
Түркияның бұрынғы президенті және премьер-министрі Сүлеймен Демирель сәрсенбі күні Анкара ауруханаларының бірінде 91 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлады РИА Новости.
Фото: mk-turkey.ru
Демирель жүрек талмасынан көз жұмды, деп хабарлады Anadolu агенттігі саясаткер емделуде болған Guven Hastanesi ауруханасының мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Экс-президент госпитальға 13 мамырда тыныс жолдары сырқатымен түскен болатын. Ауруханада бір айдан астам уақыт тыныс жолдары инфекциясынан, сондай-ақ жүрек талмасынан емделді. Сейсенбі күні Демирельдің жағдайы күрт нашарлай бастады да, сәрсенбі күні түнде қайтыс болды.
Демирель 1924 жылы 1 қарашада дүниеге келген, Түркияның Әділеттілік партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1993-2000 жылдары мемлекет басшысы қызметінде болды, сондай-ақ бес рет Түркияның премьер-министрі болып тағайындалды.
Источник: ИА "Казинформ"