Екі күннің ішінде 3500 түлек ҰБТ-дан қажетті ұпайды жинай алмады
2015 ж. 04 маусым
1849
0
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне шағыммен келгендер таңертеңнен апелляциялық комиссияның табалдырығын тоздыруда. Шағымдарымен келген түлектердің саны көп болғаны соншалық қабылдау комиссиясының ызасына тиіп үлгеріпті.
Кешегі нәтиже бойынша онға жуық түлек тіпті, отыз балды әрең жинапты. Олардың арасында «Алтын белгі» үміткерлері де болған. Ақпарат бойынша мектеп бітірушілердің жауабын тексеретін компьютерден ақау шыққан. Бір қызығы, қате нәтижелер 6097-шы нұсқа бойынша тапсырғандардың барлығында болыпты.
“Кеше кешкі сегізде оқушыларымыздың баллдары қайта саналды. Бірінші рет отыз балл жинады деп шықса, комиссия қайта тексеріп сексен екі балға жеткенін мәлімдеді. Осының нәтижесінде барлық оқушымыз да ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырып шықты”, – дейді бірінші жалпы білім беретін мектеп-лицей директоры Елена Коноплева.
Ақпарат бойынша мектеп бітірушілердің жауабын тексеретін компьютерден ақау шыққан.Ал комиссия төрайымының сөзінше, түлектердің көбі үстінен бірнеше балл қосып алу үшін келіп жатыр. Бірақ қазіргі таңда елуге жуық оқушының ғана шағымы қабылданған.
“Балаларға балл қосыпты. Сол үшін маған да қоса ма деп бәрі технический деп беріп жатыр. Ондай болмайды”, – дейді комиссия төрайымы Маржанкүл Алпысбаева.
Десек те, білім басқармасындағылар алғашқы нәтижелерімен бөліспей отыр. Белгілісі бірінші күннің нәтижесі бойынша әзірге, жалғыз оқушы ғана 123 баллдық межені бағындырған. Ол қазақ – түрік лицейінің түлегі Айнұр Шарапова.
Ал ҰБТ басталған екі күннің үшінде 3500 түлек 50 балдық межеден өте алмады деп жазады КТК арнасы. Бүгінге дейін 125 ұпайды бір ғана оқушы, Тараз қаласындағы №45 мектептің түлегі Гүлназ Ердосова жинаған.
Дереккөз: Nur.kz