Қазақша қақпайтын вице-министр Арғындықовтың орнына Нұрымбетов келді.

нұрымбетов
ҚазАқпараттың  хабарлауынша,   Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.
Ал бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған Дәулет Рашидұлы Арғындықов «Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті болды. sauatsyz-ministr Сөйтіп, қазақша қақпайтын, бірақ министрлікте көші-қон мәселесін басқарған, сол тіл білмегені  үшін парламентте де таяқ жеген Дәулет Рашидұлы Арғындықов қызметінен кетті. Бұл кісінің өзі аты-жөнін Даулет Рашидович Аргандыков деп жазады, біз өзімізше қазақшалап жазғанымыз үшін кешірім сұраймыз.  Иә, әлемде жалғыз біздің елде ғана  ол кім болса да,  бір адамның аты екі түрлі жазыла береді... Ал бұрын да осы қызметте істеген   ескі де, жаңа вице-министр Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетовтың тілі мен тірлігі қандай екенін уақыт көрсетеді. qazaquni.kz