Баян Есентаева фотосын пайдаланған ресейлік порносайттармен соттаспайтын болды
2015 ж. 01 маусым
6365
3
Есентаева бұл туралы “Радиоточкаға” берген сұхбатында мәлімдеді.
Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық жұлдыздардың фотосын ресейлік порносайттар пайдаланып жүргені айтылған болатын. Мұндай сайттардың сілтемесі көпшілікке WhatsApp арқылы таралды. Порносайтта фотосы жарияланған қазақстандық жұлдыздар арасында Айгүл Мүкей, Әсел Сағатова, Мөлдір Әуелбекова, Әлия Телебарысова, тележүргізуші Мадина Балғабаева бар.
“Шын.кз” интернет басылымының редакциясы порносайттардың сілтемесін сотқа шағымдануға ниетті жұлдыздарға беруге әзір. Алайда Баян Есентаева олармен соттасуға зауқы жоқтығын жасырмады.
“Өзге мемлекет өкілдерімен соттасу оңай емес. Ол үшін сол мемлекетке барып сотқа беру керек. Сол жерде болу керек. Менің фотомды арықтататын дәрілер мен кофе жарнамасына пайдаланған кезінде мұны сұрастырып, білген болатынмын. Соттаспақ едім, оларды таба алмадым. Қорғаушы жалдағанның арқасында олардың бас кеңсесі Бразилияда екенін анықтадым. Мен соған бола Бразилияға бара алмаймын”,- деді Баян Есентаева.
Еске салсақ, кей сайттарда Роза Рымбаева мен Баян Есентаеваның арықтататын көк кофені жарнамалаған фотолары кезіп жүрген болатын. Сол кезде Есентаева жарнама авторларын жауапқа тартатынын мәлімдеген еді.
“Адам әр жерде соттасудан да шаршайды. Бұл сайттардың бас кеңселері өзге елдерде. Соттасу үшін оларға барып, ел асу керек. Барлық сауатты адамдар мұның фотошоп, монтаж екенін түсінеді деп ойлаймын. Соттасумен барлық өміріңді кетіруге де болады”, – дейді Баян Есентаева.
Өзінің есімі порносайттарда кездсетінінен Баянның хабары бар. Алайда ол бұл жағдайға қапалы емес.
Дереккөз: Nur.kz