Кенесары хан туралы кесек еңбек
2010 ж. 10 қыркүйек
1724
0
1946 жылығалым Елтоқ Ділмұхамедов «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі» атты кандидаттық диссертация жазған екен. Диссертацияның оппоненті тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмаханов болған. Өкінішке орай бұл ғылыми еңбектің ауторы да, оппоненті де Кенесары тақырыбы үшін қамауға алынған екен.
1946 жылы қорғалған диссертация елдегі саяси жағдайларға байланысты 1951 жылы күшін жойды. Монография Совет Одағының барлық кітапханаларынан алынып, тегіс жойылған.
Бұл еңбектің жалғыз нұсқасы алпыс жылдан аса Елтоқ Ділмұхамедовтың балалары Отелло мен Эльзаның қолында сақталып қалған.
– Бұл ғылыми еңбектің құндылығы – мұнда Кеңесары ханның жорықтарының бірегей картасы мен халық батырына арналған өлеңдер жиналған, – дейді аутордың қызы.
Қазір бұл басылым Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарына, кітапханалар мен ғылыми орталықтарға жіберілген. Одан өзге басылымның толық нұсқасы Болатхан Тайжан атындағы қордың сайтында да жарияланған. Алдағы жылы бұл басылымның қазақ тіліндегі нұсақасы жарыққа шықпақ.
Осылайша қыруар еңбектің нәтижесінде жазылған ғылыми еңбек толығымен қалпына келітірліп, қайта басылып отыр. Басылымда Кеңесарының тәуелсіздік жолындағы күресі оның саясаткер ретіндегі рөлін айқындай түскен.
Диссертацияның басылып шығуына мұрындық болған Мұхтар Тайжан өткен ғасырдың ортасында, қазақ елі большевиктік Ресейдің қол астына кірген заманда Кеңесары хан туралы ғылыми еңбекті қорғап шығу нағыз ерлік болғандығын айтады.